Біздің жақта күз ғой әлі...

Біздің жақта күз ғой әлі...

Біздің жақта күз ғой, аға, күз әлі...

Талай күндер көңілсіздеу ұзады.

Қалтыраған жапырақтай жүректің

жанын ұқпай жүр екенбіз біз әлі.

 

Біздің жақта жүректер көп жоғалған.

Кеуделерден көшіп кетті көп арман.

...Көңілімнің жапырағын қайтейін,

күзден бұрын тоналған...

 

Біздің жақта сағыныш жүр адасқан,

Аңғалдығы күзге ғана жарасқан.

Аңғалдық-ай, адалдық-ай, сендерді

көріп тұрып жылайды ғой ақ аспан...

 

Бізде тағы сезімдер көп кірлеген,

Бір көктемде үміт еді-ау бүрлеген.

«Саған көктем кім боп келді, кім?»-десе,

Шыныменен кім дер ем?!

 

Мінеосылайқұлазыпжүркүз-көңіл.

(Жалғыздығынсоншасүйді-ау ізгіөмір...)

Көшебойынқарасаңыздәлқазір,

Бір-бірөмірбір-бірбақытіздепжүр.

 

Бәлкім ертең өзгереді бәрі, аға,

Үнсіз келіп қаржауғанда қалаға.

...Бір үмітке сеніп едім бәрібір,

Ол да күздей күн де солып бара ма?!

 

Бәлкім ертең өзгереді бәрі,аға!...

                                                     Ажар Ерболған

                                                                              Астана, күз-2016.



Бөлісу: