Құрметті блогерлер

Құрметті блогерлер
жеке
блог

Құрметті блогерлер. Менің массагет порталына тіркелгеніме бір айдан асты, сол уақыт аралығында сіздерді біршама танып қалған секілдімін. Екі жарым ай бұрын массагет порталы жайында кездейсоқ интернеттен көріп қалып, қызыққан едім. Менің түсінбейтіндерім әлі де көп сияқты, алдағы уақытта өздеріңізден үйренерім көп екеніне сенімдімін. Мына өлең жолдарын, яғни тілегімді өздеріңізге арнаймын.

Тәулік сайын тағдыр сыйлап тәтті үміт,

Сағат сайын тосып тұрсын сәттілік.

Тұманды күн терезеден сығалап,

Есіктен кеп төрде отырсын жақсылық.

 

Жарқырасын, ұшталсын қаламыңыз,

Түспесінші төмендеп қабағыңыз.

Бақытсыздық балаққа ілесе алмай,

Бал бақыттан жайнасын жанарыңыз.