Журналист болсам деймін

Мамандықтың бар әлемде талайы,

Соның бірін адам жаны қалайды,

Оқу оқып,білім жиып бойына

Болсам дейді тамсандырар талайды.

Ақпарат айдынында қалықтайтын,

Жаңалық жеткізуден жалықпайтын

Журналист болсам деймін, мен елеулі

Ешқандай қиындықтан қаймықпайтын.

Болсам деймін әділет жақтаушысы,

Халық қамын ойлайтын, ел ойлайтын,

Жаңалықты жеткізіп, ой жазысып

Өтірікке бармайтын, ар ойлайтын.

"Журфакқа" түссем деймін,Алла қолдап,

Армандарын орындап бала шақтың

Журналистер қауымының ізін жалғап,

Бір іргесін қаласам болашақтың.



Бөлісу: