Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденова жаңа бейнебаянның тұсауын кесті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденова «Кинопарк дастаны» атты әндеріне арнап түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Бейсенбі күні болған шараға олардың әріптестері, жақындары, тілшілер қатысты.

Әншілердің айтуынша, туынды қос ғашықтың ертегіге бергісіз әдемі махаббатын, романтикаға толы хикаясын баян етеді. Тұсаукесер рәсімі Алматы қаласындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі – ESENTAI MALL-да орналасқан Кинопарк кинотеатрлар желісінде өтті. Аталмыш бейнебаян көрерменнің назарына жақын күндерде ұсынылады.



Бөлісу: