2016 жылғы ерекше танысу

2016 жылғы ерекше танысу
жеке
блог

2016 жылдың қарашасы. Әдетте теледидардан алатын пайда шамалы деп ойлайтын мен сол бір кеште телеарналардың бірінен болг жазу, блогшылар туралы бір сұхбатты көріп қалдым. Ал бұл мені қызықтырып жүрген тақырыптың дәл өзі еді. Блог жазудың қыр-сырын жақсы білетін бір ағамыз журналистің қойған сұрақтарына барынша бүге-шүгесіне дейін жауап беріп жатты. Біраз керекті ақпарат алғаныммен, кейбір нәрсені әлі де нақтылағым келді. Байқап қарасам бағдарлама тікелей эфир арқылы жүріп жатыр екен. Неге мені мазалаған сұрақты телефон арқылы өзім сұрамасқа деген ой туды. Сөйтіп көрермен ретінде бағдарламаға хабарласып, өз сұрақтарымды қойдым. Біраз қобалжығаннан студия қонағының берген жауаптарының бірін түсінсем, бірін дұрыс ести алмадым. Дегенмен «Массагет сайтында блог жазуға болады» деген бір сөзін жадыма сақтап қалыппын.  Ал «Массагет» сайтына бұрын-соңды бір-екі рет кіргенім болмаса, онда блог жазуға болатынын білмеппін. Міне, осыдан бастап «Массагет» сайтына басқаша қарай бастадым. Көп ұзамай алғашқы блогтарым да жарияланды. Өзімнің жазған, шығарған дүниелеріме біраз қызғанышпен қарайтындықтан, маған осы сайтта жарияланатын жазбалардың авторлық құқығы сақталатыны өте ұнады. Айта берсем, ұнаған нәрсе көп. Ең бастысы, бұл биылғы жылғы ерекше танысу болды.

Nice to meet you.Танысқаныма қуаныштымын.