Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған дүбірлі айтыс көрерменге жол тартады!

Еліміздегі ең үздік айтыскерлер  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алтын домбыра» жыр сайысында бақ сынасты. Айтыс – қазақтың өзіне ғана тән, рухыңды қамшылайтын, жанды жадырататын ұлы өнер, тәрбие мектебі.

Биылғы «Алтын домбыра» үшін Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Серікзат Дүйсенғазы, Иранғайып Күзембаев, Айбек Қалиев, Нұрмат Манзұров, Еркебұлан Қайназаров, Нұрлан Есенқұлов, Әсем Ережеқызы, Рүстем Қайыртайұлы және т.б. арқалы ақындар тартысқа түсті.

 Айтыс десе жүрегі ерекше соғатын иісі қазақтың барлығын жаңажылдық демалыс күндері, атап айтсақ, ескі жылдың 31 желтоқсаны мен жаңа жылдың 1, 2, 3 қаңтары күндері сағат 12.00-де теледидардың алдында күтеміз. Төл өнеріміз айтысты «Еуразия» бірінші арнасының эфирінен бірге тамашалайық! 



Бөлісу: