Мен іздеген жан

Мен іздеген жан
жеке
блог

Сіз оны көрдіңіз бе? Жоқ көрген жоқсыз. Себебі ол тек менің әлемімде, менің жүрегімде. Қатыгез өмірді, қатыгез әлемді көрмесе екен деймін. Көзімнің жасын, көңілімнің дірілін сезбесе екен деймін. Оның жүрегі мақтадай жұмсақ, көздері күндей мейірімді. Күлген кезде көздерінің мөлдірін сезіп, тұңғиығына бата бергім келеді. Тек жанына жақындай алмаймын. Әрі жақын, әрі алыс. Бір минутқа ғана ыстық құшағын сезінгім келеді, тек бір минутқа. Сол жылы құшақ жұмақтың жылуы секілді, мені өзіне ынтықтырып, зарықтырып қойды.

Жүрегімдегі жан, мен сізді ұзааааааақ іздедім. Бір сәт менің жаураған жаныма жылу сыйлай аласыз ба?