Болашағыңызды 5 минутта анықтаңыз(психологиялық тест)

Болашағыңызды 5 минутта анықтаңыз(психологиялық тест)
жеке
блог

 

Психология-адам жанына терең үңіліп,мінезіңіз бен қылығыңыздан бөлек,өткеніңіз бен бүгініңіз жайлы азды-көпті ақпарат бере алатын бірден-бір сала.Ол тіпті болашағыңызды да «болжап» бере алатынына сенесіз бе?Бірнеше сұраққа жауап беру  арқылы бәрін білеуге болады.Бұл тәсіл ешқандай діни сенімге,басқа да тылсым күштерге негізделмейді,бұл нақты дәлелденген ғылым.Психология ғылымының жылдар өткен сайын дамып келе жатқаны жасырын емес.Ғаламторда мұндай психологиялық тесттер толып тұр.Мен де жақында ғана өзім қолданып көрген бірнеше сұрақтан тұратын  психологиялық тестті сіздердің назарларыңызға ұсынғым келеді.Қолыңызға қағаз қалам алып,жауаптарыңызды жазып отырсаңыз артық болмайды.Ал,кеттік!

1)Ең алдымен тыныш жерге барып,көз алдыңызға ашық алаңқайда жалғыз өзіңіздің келе жатқаныңызды елесетіңіз.Айналада сізден басқа тірі жан жоқ,мүлгіген тыныштық.Бір кезде алдыңыздан орман шықты.Ол қалың ну орман ба,әлде кішкентай ма?Өз қиялыңызға ерік беріңіз және есте сақтаңыз.

2)Орман ішіне кірдіңіз.Алдыңыздан жол шықты.Ол үлкен көлікке арналған ба әлде жалғыз аяқ жол ма?

3)Сол жолмен келе жатқанда жерде әмиян жатқанын байқадыңыз.Оны аласыз ба әлде сол жерде қалдырып кетесіз бе?

4)Бір кезде алдыңыздан  қақпа шықты.Оны ашып өтесіз бе әлде секіріп пе?

5)Қақпадан өткеннен кейін бір үйшікті көрдіңіз.Үйшікке кіресіз бе,кірмей айналып өтесіз бе?

6)Үйден өткен соң алдыңызда бір құмыраның жатқанын көрдіңіз.Құмыраны өзіңізбен ала кетесіз бе әлде қалдырасыз ба?

7)Жолда келе жатып бір әдемі жылқыны байқадыңыз.Жанына жақындайсыз ба?Айналып өтіп кетесіз бе?

8)Алдыңыздан өзен шықты.Оның ағысы қандай?Баяу сылдырап ағып тұр ма әлде ағысы тым қатты ма?

Жауабы:

1)Егер орман қалың болса басыңызда проблемалар тым көп.Кішкентай болса қиындықтардан аулақсыз.

2)Жол үлкен болса-пейіліңіз кең,кішкентай болса-тарлығыңызды білдіреді.

3)Егер әмиянды алсаңыз,жақын арада ақшалы боласыз.Алмасаңыз,керісінше))

4)Қақпаны ашып өтсеңіз қиындықтардан қиын өтесіз,секіріп өтсеңіз жеңіл өтесіз деген сөз.

5)Үйге кірген адам үй шаруасына ебі бар адам дегенді білдіреді.Айналып өтсе керісінше,үй шаруашылығымен айналыспайды.

6)Егер құмыраны алсаңыз ата-бабаңыздың бай-ауқатты болғанын білдіреді.

7)Жылқыға жақын барсаңыз бақытыңызға жақындағаныңыз.Айналып өтсеңіз бақытыңызды кері итергеніңіз.

8)Егер өзеннің ағысы қатты болса-мінезіңіз де қатты деген сөз.Баяу ақса-мінезіңіз жайлы,сабырлы адамсыз.