Халықымызды не артқа сүйрейді?

Қазақстан Республикасы дамып келе жатқан мемлекет. Құдайға шүкір еліміз тыныш, алға қойған мақсаттарына адымдап жетіп жатыр. Алайда біздің халықымызды тежеп тұратын, тіпті артқа қарай сүйрейтін жағымсыз әдеттер бар. Мысалыға кешігіп келу. Ол әдеттің елімізге сіңіп кеткені соншалық, көшікпесең қазақ емессің дейтіндер де табылады. «Қазақ үнемі кешігіп жүреді», «Қазақтың тойы 1 сағат кеш басталады» деген сөздер барлығымға таныс, бәрі қолданады. Бұны біле тұра халқымыз кешігуді әзір тоқтатар емес.

Адамдардың басым көпшілігі кішкене кешігуді назар аударуға тұрарлық мәселе деп санамайды. Керісінше кешігуді қазақшылықтың бір бөлігі немесе дәстүрі деп айтатындар да табылады.

Дамыған мемлекеттерде, Европада, Солтүстік Америкада, Японияда да себепсіз кешігіп келуге бізге қарағанда аз төзімділік білдіреді. Мысалға алып қарасақ, жұмысқа тұрып жатқан адам сұхбатқа немесе жұмысқа кешікпеуге тырысады, себебі бұл бастықты сыйламаушылық және өзіңді біліксіз маман ретінде көрсеткенмен тең. Бұл үшін бастықтың сөгісін немесе жұмыстан айырылуға да болады.

Мектепте, университетте оқып жүріп кешігудің зардабы әлдеқайда зор екенін байқадым. Оқытушың 5 минутқа кешікенінің өзі, оған деген сенімділікті азайтады, студенттер сабаққа назар аудармай шулай бастайды. Келесі сабақта студенттерде осы кешігіп келе бастайды. Немесе керісінше сабақта оқытушымен 3-4 студентің отырған жағдайлары біраз. Әдетте ол кезде мұғалім тым болмас студенттердің жартысы толғанын күтеді. Бұл ерте келген студенттердің сабақтан зауқын қаштырады. Әрине бұл оқытушы мен студенттерге тікелей байланысты. Себебі әр қайсысы әр түрлі.

Тек бір жерге барғанда ғана емес, тапсырмаларды орындағанда да біздің халқымыз кешігіді ауыр күнә деп санамайды. Қаншама  үй тапсырмалар, жобалар және тағы да мыңдаған заттар уақытылы жетпейді. Мысалға, өміріңізде сіз мінген поезд кешігіп көрді ме? Менің мінген поездарымның жартысынан астамы уатылы жетпейді. Ал сіз Япония империясында поездардың орташа кешігу уақыты 36 секунд екенін білдіңіз бе? Дамыған мемлекеттерде тіпті автобустар да белгіленген уақыт бойынша жұреді. Бұл мемлееттермен тереземіз тең болғанын қаласақ, кешігу минталитетін төзуге болмайды.

Барлығын уақытылы істейік халайық!!!



Бөлісу: