Желтоқсанның ызғарына тоңбады олар...

Желтоқсанның ызғарына тоңбады олар...
жеке
блог

Тәуелсіздік...

Сол жылы.Желтоқсанның ызғарына,аязына қарамай орталық алаңда тәуелсіздік үшін күрескен жастардың ерлігі ешқашан ұмытылмасы анық.Қара жерді басқан әппақ қардың қызыл бояуға боялғаны,аяусыз соққыға алып,қара көз қыздарды шаштарынан сүйреп ,ойларына келген әрекеттерін іске асырды.Бізге,"Тәуелсіздік" оңайлықпен келмеді.Қазақ елінің болашағы үшін күресіп,ержүрек,батыр халықтың жастары қыршыннан қиылды.Қаншама азап көрседе берілмеді.Елі үшін соққан жас жүректердің басты арманы,мақсаты-еркіндік болды. Қиындық болсада шыдады,ең бастысы,"Тәуелсіздікке" қол жеткізді.Дәл қазіргі гүлденген,кемелденген "Қазақ елін" көруді аңсады.Шүкір!Біз-бақытты ұрпақпыз!Бабалар армандаған "тәуелсіз" елде емін-еркін өмір сүріп жатырмыз.Армандарымызды жүзеге асыра аламыз,себебі,ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылған.Міне,биыл "Тәуелсіздігімізге-25 жыл" болды.Қуанышымызда шек жоқ!Бақыттымыз!Қазақстанды әлемге танытып,халқы үшін еңбек етіп жүрген аға-апаларымыздың еңбегі ескеріліп,марапатталып жатыр!Әрине,біз осындай ұлы тұлғалармен мақтанамыз,үлгі тұтамыз!                                                                                                                                                         

Кейде ойға алатын,ойланатын нәрселер өте көп!Азаттықтың арайлы ақ таңының қиыншылықпен келгенін кейбірі түсіне алмайтын секілді.Әр күн тосын жаңалықтарға толы болып кетті.Ақпарат беттерінен көріп,естіп жүрген қоғамда орын алып жатырған кейбір оқиғалар қорқыныш ұялатады.Адам ұрлап,ұрып-соғып,қару қолданып өз қандастарының өміріне қауіп төндірген пенделерді түсіне алмаймын!"Не үшін?"-деген сұрағым ой елегінде тұрып жауап таба алар емес.Өз елінің тыныштығын бұзғысы келеме екен.Түсініксіз.Бабаларымыз жанын құрбан етіп,сыйлап кеткен еркіндікті,бірлікті ұғынса екен.Елін,жерін,халқын құрметтеп,Тәуелсіздігімнің қалай келгенін,соның арқасында еркіндікте,бейбітшілікте әрбір таңды күлімдеп қарсы алып жүргенін естен шығармаса деп тілеймін!

Бірлігіміз жарасқан,Қазақстаным,жасасын!Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Елбасымыз аман болып,"Қазақстаным" көркейе берсін!