Эссені қалай жазу керек? 3-шығарылым

Эссені қалай жазу керек? 3-шығарылым
жеке
блог

«Эссені қалай жазу керек?» атты мақалалар сериясының бірінші шығарылымында эссе жазудың жалпы концептісі қарастырылды. Ендігі кезек сол концептіні қалай эссе түрлеріне қолдану керектігінде тұр. Эссенің жалпы 4 түрін атап өтуге болады:

Артықшылық және кемшілік эссесі (Advantages and disadvantages);

Мәселені шешу эссесі (Problem solving);

Себеп-салдар эссесі (Cause and effect);

«Өз ойыңыз» эссесі (Opinion essay).

         Бұл мақала эссенің бірінші түріне тоқталады. Әдетте эссенің бұл түрінде сізге тұжырым беріледі және сол тұжырының артықшылығы мен кемшілігін жазып қана қоймай, талдау жасауыңызды сұрайды(кейбір жағдайда артықышылығы мен кемшілігімен қоса, өз ойыңызды жазуды сұрайды*).

         Мысал №1. Сарапшылардың бір тобы балалардың шет тілді орта мектептен емес, бастауыш мектептен бастап үйренуді дұрыс деп санайды. Бұл тұжырымның артықшылығы мен кемшілігін қарастырып, талдау жасаңыз (және өзіңіздің жеке ойыңызды беріңіз*).

         Сонымен эссе құрылымын қарастырып алмас бұрын маңызды кеңеске назар аударайық:

Эссе тапсырмасында не сұрап тұр?

Эссе тапсырмасына негізделген эссе құрылымы

Егер эссе тапсырмасында сіздің ойыңызды сұрамаса...

Бұл жағдайда кемшілік пен артықшылықты негізгі бөлімнің өзіңіз қалаған тарауына жазуға болады. Себебі, қорытындыда кемшілік артықшылыққа немесе артықшылық кемшілікке басымдық көрсетіп тұр деп көрсету керексіз. Назар аударыңыз, басымдылық кемшілікке немесе артықшылыққа жазылған аргументтер санымен өлшенбейді. Керісінше, басымдылық қаншалықты аргумент салмақты екенін көрсетеді.

Егер эссе тапсырмасында сіздің ойыңызды сұраса*

Бұл жағдайда негізгі бөлімнің бірінші тарау сіз келіспеймін деп санаған жақты, ал екінші тарау сіз келісетін жақты жазған жөн болады. Себебі, эссенің логикалық байланысы сақталады. Мысалы, егер сіз балалар шет тілді бастауыш сыныпта оқу керек деп санасаңыз, онда негізгі бөлімнің бірінші тарауында эссе тақырыбында берілген тұжырымның кемшілігін жазып кетесіз. Ал кейін екінші тарауында артықшылығы жазылады. Содан кейін соңғы жазылған тарауға сілтеме жасап, өз ойыңызды жазасыз.

Назар аударыңыз, бір тарауда бірнеше параграф/абзац бола алады және ол кемшілік пен артықшылыққа жазылатын тезистің санына байланыста. Яғни әрбір параграф/абзацты тек бір тезиске арнау керек. Көбі жағдайда эссе сөзі 250-350 сөз болуы қажет, сондықтан негізгі бөлімде 3 тарау болғаны жөн.

         Сонымен, эссе құрылымы келесідегідей бола алады:

Егер эссе тапсырмасында сіздің ойыңызды сұрамаса...

Егер эссе тапсырмасында сіздің ойыңызды сұраса*

Кіріспе

1-сөйлемде эссе тапсырмасындағы тұжырымды басқа сөздермен жазылады(ағылшынша paraphrase/орысша перефразировать).

2-сөйлемде жазылатын эссенің нұсқасы беріледі(яғни оқырман осы эсседен нені күту керектігін жазу керек, мысалы « ___ қарастырылып, талдауға алындаы»).

Негізгі бөлім

1-тарауында артықшылықтар/кемшіліктер SEE немесе ТАФТТ моделімен жазылып, талданылады.

2-тарауында кемшіліктер/артықшылықтар SEE немесе ТАФТТ моделімен жазылып, талданылады.

Қорытынды

1-сөйлемде жазылған барлық тезистердерге жалпы түйіндеме жазылады.

2-сөйлемде басымдылықты қай жақ көрсетіп тұрғаны көрсетіледі.

3-сөйлемде* екінші сөйлемге негізделе отырып, өз ұсыңызды жазуға болады.

Назар аударыңыз, жеке ұсыныс ол өзіңіздің ойыңыз емес. Ол басқа мемлекет/орталық/ұйым және т.б. тәжірибесіндегі іс-әрекет болуы мүмкін. Бұл сөйлем сіздің сыни ойлауға жуықтығыңызды көрсетеді.

Кіріспе

1-сөйлемде эссе тапсырмасындағы тұжырымды басқа сөздермен жазылады(ағылшынша paraphrase/орысша перефразировать).

2-сөйлемде өзіңіздің эссе тақырыбына қатысты жеке ойыңыз тұжырымдалады.

3-сөйлемде жазылатын эссенің нұсқасы беріледі(яғни оқырман осы эсседен нені күту керектігін жазу керек, мысалы « ___ қарастырылып, талдауға алындаы»).

Негізгі бөлім

1-тарауында артықшылықтар/кемшіліктер SEE немесе ТАФТТ моделімен жазылып, талданылады.

2-тарауында кемшіліктер/артықшылықтар SEE немесе ТАФТТ моделімен жазылып, талданылады.

3-тарауында өз ойыңыз SEE немесе ТАФТТ моделімен жазылып, талданылады.

Қорытынды

1-сөйлемде жазылған барлық тезистердерге жалпы түйіндеме жазылады.

2-сөйлемде өз ойыңыз басқа сөздермен жазылады, мүмкіндік келгенше ұсыныс қосылады.

 

 

        

         Құрметті оқырмандар, келесі шығарылымда мысал ретінде жоғарыда көрсетілген тақырыпқа эссе жазылады. Ал бүгінгі жазған ақпарат сіздерде эссе жазуда туындаған сұрақтарға жауап бере алды деген ойдамын. Келесі шығарылымға дейін сау-саламат болыңыздар!