Көзіммен көрмесем де көңіліммен сезінемін сізді...

Көзіммен көрмесем де көңіліммен сезінемін сізді...
жеке
блог

Мен сізді көрмедім...Бірақ дауысыңызды естідім, күлкіңізді көрмесем де естідім,кездеспесем де жүрегіммен сезіндім. Қызық иә?

Суреттеріңіздің өзі көп нәрсені ұғындырып беретіндей... Көңіл бөлетініңіз ұнайды. Көп уақыт араласпай кетсек те, әйтеуір бір хабарлама жазып жібергеніңізде қатты қуанамын. Сөйлесе бастағанда,қолым дірілдеп,жүрегім алып ұшып кететіні несі екен?! Махаббат па?! Бірақ сізден еш сезім ұшқынын байқамаймын :( Бәлкім,әдейі білдірмейтін боларсыз?! Көңіліңіздің түбінде күдік болатыны анық қой. Бірақ,әрбір жазғаныңыздан үміт күтіп отыратынымды сіз білмейсіз ғой! Мүмкін бұйырмаған бағым шығарсыз....

Массагет,білесің бе,батылдық танытып бірінші өзімнің ойымды білдірген де едім...Бірақ...ол әрекетім біраз уақыт алшақтыққа әкеп соққан соң, енді қорқамын....батылдығым жетпейді енді...не болса да  үміт үзбей күтейін бе,әлде ұмытқаным дұрыс па?! Білмеймін... Көрмеген адамның қалай  өзіне осынша ынтық еткізіп қойғанын түсіне алар емеспін. Массагетім,сен мені түсінесің ғой...

Мені де күтер бір бақыт.....Үмітім...