Құпия хат

Мен, Сізді сағындым...

Келер көктемді, Жуалыны , Тәңіртауды...

Тезірек қыс келіп, кетіп, Көктем болса...

Тұңшығып барамын, Сізге деген сағынышым кеудемді шаншып барады...

Көктем, Жуалы , Тәңіртау... Қызғалдақтар...

Қуаныш, көңілдегі қуаныштаң күмән басым, келерсіз, бәлкім... 

Жоооқ, Сіздің алып кеудеңіздегі жұдырық жүрек мені көрмей тоқтауы мүмкін емес, пендешілік қиял , ия, Сізді күтемін...

Уәде бергенсіз, Айтасыз ау, Төлегенде Жібекке, Қозы да Баянға уәде, серт берген деп, иә берген, орындалдыма, жоооқ, ХХІ ғасыр ғой, зұлымдақ бола қоймас, аңғалдық, қазір қайта зұлымдар көбейді ғой, жүрегім ауырмашы, Ол келеді, ол биіктік адамы сөзіңде тұрады, иә, әрине тұрады, Мен, Сізді күтіп жүрмін, Мұңаймаймын, Сізге жыламауға, күліп достарымен көп таза ауада серуендеуге уәде бергенмін... Уәдемде тұра аламын, бірақ , сағынбауға уәде бергенім жоқ



Бөлісу: