Мен саған оралмаймын

1. сен менің жан емімсің 

2. Мен оны мойындағам

3. Кіршіксіз әлемімсің

4. Бір нүкте қойылмаған.

 

1. Сыйысың маған арнап 

2. Тағдырдың дайындаған

3. Алшақтық - жаза болмақ

4. Күн өткен сайын маған

 

1. Әлемде жалғызымсың

2. Жүрегім тұрақтаған

3. Үмітім алдаса да

4. Сенімнен құлатпаған

 

1. Сен мәңгі сағынышсың

2. Тұманнан мұнартатын

3. Жүрегім алып ұшсын

4. Мұнарға құмартатын

 

1. Үш көктем куә болған

2. Жылдарға қарайлаймын

3. Қайрылғам қия жолдан

4. Мен енді оралмаймын



Бөлісу: