Тәуелсіздікке 25 жыл

Міне, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы келді! Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге танылдық.Тәуелсіздік-ұлттық тілдің,дәстүрдің,салт-сананың мызғымас тірегі,күші,алтын діңгегі,халықтың бақ жұлдызы.Тәуелсіздік көп елге әлі дер арман.Жер бетінде қанша бостандығын аңсап жүр .Сол арманға  қазақ халқы жетті.Тәңірге тәубе!Менің туған жерім-Қазақ елі.Көптеген ел мемлекетіміздің әсем де биік тауларына,мөлдір таза көлдеріне,қойнауы құт дархан даласына таңдананды.Сұлу табиғатына сүйсініп қызыға да,қызғана да қарайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-еліміздің дамуы,көркеюі үшін аянбай еңбек етіп жүр.Әр адамның ана тілін білуі-парыз,білмегені-ұят,-деген Нұрсұлтан Әбішұлының сөздерін ұран етуіміз қажет.Себебі,әр адам өз елінде тұрып,туған дәстүрін,мәдениетін,тілін білуі міндетті.Туған тілін үйрене алмаған адам, басқа тілді деешқашан меңгере алмайды деп ойлаймын.

Еліміз бүгінде-егемен,зайырлы,құқықты мемлекет.Күн сайын алға қадам жасаған жасампаз елміз.Ғылымды дамыту,ауылдарды жаңғырту,жемқорлықты жою керек.Алда келе жатқан ЕХРО-2017 көрмесін абыроймен,үлкен жетістіктермен өткізсек деймін.Біз тәуелсіздігімізді сақтап,құрметтеп,онымен мақтануымыз керек.Өйткені көптеген халық өз елін,жерін,тілін,дінін қайтаруды армандайды.Мемлекет тілді біліп,өзге халықтардың дәстүрін құрметтеп,салт-дәстүрімізді жаңғыртып,Отанымызды аялауымыз қажет.Себебі,Қазақстан-біздің ортақ үйіміз,Отанымыз



Бөлісу: