Тәрбиені тезек теріп жүрген анамыздан аламыз, әкеміз ғалым болса да

Тәрбиені тезек теріп жүрген анамыздан аламыз, әкеміз ғалым болса да
жеке
блог

Кішкентай кезімде көршінің баласымен келіспей қалсам, анам менің емес көршінің баласының сөзін сөйлейтін, маған ұрсатын. «Неге өз баласын қорғамайды екен, неге менің сөзімді сөйлемеді?» деп өкпелеп қалатын едім. Ес біле келе тағы сондай жағдай болса, анам: «Шыныңды айт, сенің кінәң бар ма?» деп сұрайтын бәрінің көзінше. Содан бастап кез келген жағдайда менің кінәм бар ма екен деп іштей ойланатын болдым. Ал қазір бір ситуацияға тап болсам, ең бірінші өзімнен кінә іздеймін, "біреуге кесірім тиіп кетпеді ме екен?" деген ой туады. Зияным тимегеніне көзім жетпейінше өзімді жегідей жеймін.

Есейіп, жаман мен жақсыны ажырата бастағалы менің көзіме жиі түсетін жағдай: балалар келіспей қалса анасы көршінің баласының сыбағасын беріп, дұрыс болса да, бұрыс болса да өз баласының сөзін сөйлеуі.

Сол кезде мен үнемі іштей анама алғысымды айтамын. Кішкентай кезімде сөзімді сөйлемей, өзіме ұрсып, мені шыншыл етіп өсірген екен-ау анашым. "Әкеміз ғалым болса да, тәрбиені тезек теріп жүрген анамыздан аламыз" деген екен Мұқтар Әуезов. 

Қазір анам не десем де сөзімді сөйлейді, бұзықтық жасаудан ұяламын сондықтан да.