Тәуелсіздік

Тәуелсіздік
жеке
блог


Тәуелсіздік сан ғасырдың арманы,
Ұрпақтарың арманыңды жалғады.
Жетеміндеп жеңістерге,биіктерге самғады
Қыран құстай елімнің қанаты еш талмады.

Бүгін сені ән етіп барлық әлем жырлайды,
Жетемін деп жеңіске қазағым еш тынбайды
Қазақ деген алтын ел
Алға деген ұранды жалықпастан тыңдайды

Төгіп тұр бүгін күн нұрын,
Жылытып барлық жер жүзін.
Аспанда ашық көгілдір
Тәуелсіздіктің күні бұл.

Елімде болсын тыныштық,
Қазағым маған тым ыстық.
Жету үшін жеңіске
Тайсалмай біздер тырыстық.

Қазақстан мерекең құтты болсын,
Айналаң нұрланып шуаққа толсын
Қазағымның еңсесін тік ұстатар
Әр таңда арайлаған тәуелсіздік күні тусын.