Өзіміздің орта

Өзіміздің орта
жеке
блог

Жан-жақтан білім іздеп келген жас талапкерлермен таныстық.ҚазҰу-дың балмұздағы атандық.Жатақхана үйімізге,ішіндегілер туысымызға айналды.Балмұздақтар болып ойнадық,күлдік,қыдырып жүріп өз ішімізде 29-шы наурыз күні орта құрылды.Ол "Өзіміздің Орта" деп аталды.Басшысы-Сырым Баймұқан деген сері жігіт.Құрамында 17 балмұздағы бар жастар студенттік өмірдің қызығын бірге көріп бастап кеттік.Өзіміздің ортаның әрбір мүшесінің өзіндік орны бар.Қазірде жиналамыз,бірге қыдырамыз,бір-бірімізді іздеп,қамқоршы боламыз,үйге кеткенде сағынамыз.Өзіміздің ортадағылар бір үйдің баларындай араласамыз.Туған күндерді ерекше өткізуге тырысамыз.Жетістікке жеткенде бірге қуанамыз.Мұңайып жатса, қайғырса,қиындыққа ұшыраса қолдау көрсетеміз.Бір-біріміз туралы жақсы білеміз.Бір-біріміздің жаманымызды жасырып,жақсылығымызды асыруға тырысамыз.Артық мінезіміз,жаман жақтарымыз болса,түзетуге тырысамыз.Осылай сырымызда,жырымызда,мұңымызда бір достарға айналдық. Осында ортада болғаныма қуанамын.Осындай ортамен мақтанамын.