Мадина қыздарыңыздың алғашқы концерті

Мадина қыздарыңыздың алғашқы концерті
жеке
блог

Бойжеткендер арасында «сұлулықтың символы» атанып жүрген Мәдина Садуақасова тұңғыш рет жеке шығармашылық кешін өткізді. Қаншама хит ән, су жаңа бейнебаяндардың тұсауы кесілгенімен, концерт беруге енді ғана бел буған екен. Бұл кешті ән әлемінде жүргеніне 20 жыл толуына орай жоспарлаған болатын. «Қадамына нұр жаусын», дейміз!

Елді таңғалдыратындай кештің болатынына ықылымнан сенгенбіз. Ал, концерттің атауы қалай ойластырылды екен?! "Концерт "Жұлдызым" деген атпен болып өтті. Мені халыққа танытқан ең алғашқы әнімде "Жұлдызды түнде шаттанамын" деген жолдар бар еді. Жақында тағы бір "Жұлдызым" деген әнім жарық көрді. Сол себепті, концертімді осылай атағанды жөн көрдім", - дейді Мәдина Сәдуақасова. Әрине, жұлдыздың «Жұздызды» кеші деген теңеу дөп келетін сыңайлы. Концертке Мәдина 100 мың долларға жуық қаражат жұмсағанын жасырмады. Бұл туралы Сәдуақасова отандық арналардың біріне берген сұхбатында айтып өткен болатын. Мәдина Сәдуақасованың концерті 20 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында лық толы залмен, тыңдарманның ыстық ықыласымен зыр етіп өте шықты. Мәдинаны марқайтатын кеш танымал әншілермен дуэт айтумен ерекшеленді. «Ұлы дала баласы» - Төреғали Төреәлімен есте қалатындай тың туынды, «халықтың бойтұмар Розасы» атанған Роза Рымбаева ханыммен, «ойлай берме» деп ән шырқаса да, ойландырмай қоймайтын Ринат Гайсин мырзамен, «елдің ерке баласы», қандай теңеу атйсаңда артық етпейтін Мейрамбек Беспаевпен шырқалған тамаша дуэттің куәгері болдық. Сәдуақасова ханымның халық күткен шоу кеші, айтарлықтай шо болды десек қателік емес. Сахнандағы жарықтар, түрлі-түсті бояулар көз жауын жаулап алады. Тағы бір айтпасқа қоймайтын жаңалық бар. Біздің ханшайымның концертіне ат терлетіп, көрші елден ресейлік ханша арнайлатып жол тартқан екен. Қуанып қалғанымыз рас. Қонақтар арасында Александр Панойотов отырды. Күтпеген жаңалық. Айта кетейік, кештің тамаша өткені бір жағынан қуантты. Дегенмен, сұраққа жауап таппаған ойларымызда болды. Мәдина рау кеші өтпес бұрын, Қазақстандық белгілі топпен бірге ән шырқаймын дегенді

айтқан еді. Бірақ, аталмыш шоу концерттен бұл топты байқай алмадық. Өкінішті... Дегенмен, Сәдуақасова ханымға «жарасыз»,-дейміз!