Алматы қаласы ЖОО арасында «Тәуелсіздік жастары» атты мини-футболдан турнир өтуде

Алматы қаласы ЖОО арасында «Тәуелсіздік жастары» атты мини-футболдан турнир өтуде
жеке
блог

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Универсиада – 2017» қарсаңында  3-4 желтоқсан күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спорт комплексінде Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша ЖОО арасында «Тәуелсіздік жастары» атты мини-футбол турнирі өтуде.

Турнирдің негізгі мақсаты Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын жоғарғы  деңгейде өтуіне үлес қосу, Алматы қаласындағы ЖОО арасындағы бірлікті  нығайтып, жастар арасында салауатты өмір  салтын насихаттау болып  табылады. Турнирде Алматы қаласындағы 32 ЖОО командасы өз  бақтарын  сынауда. Мәселен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Қазақ-Ресей медициналық университеті, Алматы Менеджмент университеті, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы, Халықаралық Ақпараттар технологиясы университеті,«Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университеті, Т.Жүргенов  атындағы Өнер  академиясы, С.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ, Қазақ-неміс  университеті, НАРХОЗ, UIB, Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, Қазақ Қатынас жолдар университеті, Еуразия технологияық университеті, Қазақтың спорт және туризм академиясы, Орталық Азия университеті, Тұран уиверситеті, Алматы техникалық университеті, Алматы энергетика және  байланыс  университеті, Сүлеймен Демирел университеті, Алматы  университеті, Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті т.б. ЖОО командалары қатысуда.

 

"Тәуелсіздік жастары"  атты бұл турнирдің жалпы жүлде қорының сомасы 300 000 тг құрап отыр. Жеңімпаз командаға 100 000тг, екінші орынға 75 000тг, үшінші орынға 50 000 теңгенің сертификаты  берілетін болса, қалғаны ынталандыру  сыйлығы  ретінде  үздік ойын өрнегін көрсеткен командаларға берілетін болады.

Екі күн  бойы  өтетін  турнирдің алғашқы  күнінің  қорытындысы  бойынша Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті, Қазақ Қатынас жолдар университеті, Еуразия технологияық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университеттері финалдық кезеңге  жолдама  алды. Шешуші кезең 4 желтоқсан күні сағат 08:00-де басталады деп күтілуде.

 

Дайындаған: Жансая Себепова, Күнту Арынбек