Жатақхананың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Жатақхананың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
жеке
блог

Не нəрсенің болса да алдымен жақсы жағын айту керек.Жатақхана өмірі кей түлектерді қызықтырса,енді бірі «студент үйінде» тұруға жүрексінеді.Осы жолы сіздерге жатақхананың артық жəне кем тұстарын таныстырып өтсем деймін.Əрі қарай шешімді өзіңіз қабылдарсыз.

 Артықшылықтары:

+Уақыт үнемділігі.Жатақхана оқу орнына жақын болғандықтан,барып келу көп уақыт алмайды.Ел сияқты таң азанмен ерте тұрып,ұйқылы ояу автобуста кептелісте тұрып келудің еш қажеті жоқ!Сабақтың басталуына 10 не 5 минут қалғанда жатақханадан шығып бара саласыз.Керемет емес пе?!

+Қаржы үнемділігі

Əр жатақхананың жылдық төлемі əртүрлі,бірақ пәтерақыдан әлдеқайда арзан болады.Пəтер жалдап тұрсаңыз көбірек төлейтініңіз сөзсіз.Оған жол пұлын қосыңыз.Студент үшін әр тиын есептеулі ғой.Сондықтан ойланыңыз...

+Өзіңді тəрбиелеу

Иə,бұл орында 4 жылдың ішінде өз-өзіңізді əжептеуір тəрбиелеп шығасыз!Əсіресе,қыз бала болсаңыз.Себебі, мұнда ас-суыңызды дайындап,киіміңіз бен төсегіңізді жинайтын анаңыз бен әпкеңіз қасыңызда болмайды.Бəрін өзіңіз атқарасыз.Басында уақыт жеткізе алмай,шаршап,жалығуыңыз мүмкін, бірақ үйреніп кетесіз 1,2 аптада.Үйленіп үй болғанда анаңызды жаныңызға алып кете алмайсыз,оған дейін өзіңізді əбден шыңдап,пысық болып шығасыз бұл жерде.

+Қызық күндер

Жатақхананың əр күні қызыққа толы.Өзіңіз құрыптас қыз-жігіттермен үнемі бірге жүргендіктен өте көңілді болады.Бірігіп алып,істеп көрмеген істерді атқарасыздар.Улап-шулап қыдырып,бірге тамақтанып,ойындар ойнап,сауық кештерін ұйымдастырып,сабаққа дайындалып,уақытты тиімді əрі көңілді өткізгенге не жетсін,шіркін?!

Кемшіліктері:

— Кезекте тұру

Жатақхананың ең бір кемшін тұсы осы болса керек.Өйткені, жуыну бөлмесіне,ас бөлмесіне,дəретханаға, тағы да басқа жердің бəрінде кезекке тұруыңыз керек.Кезекті көп күтпейсіз,əрі кетсе 2,3 минут.Шыдауға болады*)

— Қатаң тəртіп

Тəртіп барлық жерде бар.Бірақ үйіңде еркелеп жүрген жақсы-ақ.Бұл жерде бекітілген тəртіптерге бағынасыз.Жатақхананың ашылатын жəне жабылатын белгілі бір уақыты болады.Кешке сол уақыттан кешіксеңіз бітті,түнейтін басқа орын іздей беріңіз.Әрине,егер кезекші апайлармен жақсы қарым-қатынаста болсаңыз,ол бөлек әңгіме))

— Түсініспеушілік

Бір-бір үйдің еркесі жиналғандықтан, əрқайсысының мінезі,қылығы,əдеттері болады.Басында бір-біріне үйренісе алмай,арада түсініспеушіліктер орын алып жатады.Бірақ бір үйде тұрған соң реніштері ұзаққа созылмай,қайта татуласады.Уақыт өте бір үйдің балаларындай араласып кететіндер де  баршылық.

Ал сіздің алып қосарыңыз бар ма,жатақхана тұрғыны?))