Сіз не дейсіз?

Сіз не дейсіз?
жеке
блог

Алматы - көлік кептелісінен көз ашпайтын алып шаһар. Жеңілі болсын, ауыры болсын, әйтеуір, көлік атаулының саны ерекше көп. Жол бойында сағаттап орнымыздан тапжылмай тұратын кездердің де куәсі болғанбыз. Бұл мәселені көлік көптігінен туындаған деп есептедік делік. Ал, жолаушы көлігінің (автобус) мәселесінің өзі бір төбе. Қала тұрғындарының сұраныстарын толық қамтамасыз ете алмай жатыр. Таңертең ерте шығап, аялдамаға жылдам жеткеніңізбен, уақытыңыз үнемделмейді сірә да. Көздеген жеріңізіге діттеген уақытында жету мүмкіндігінің ауылы тым алыс. Көлік кептелісін былай қойғанда, жолаушы көлігіне сыймай қалып жатсаңыз таң қалмаңыз. Бұл қала тұрғындарының бір мезетте, бір бағытқа қатынағандығынан емес, жолаушы көліктерінің жиі жүрмеуінен белен алып жатыр. Екі автобус арасы 20 минут, тіпті, жарты сағат көлемінен де асып түсетіні бар. Ашуға мінген біз, сол баяғы көлік жүргізушісіне килігеміз келіп, "жиірек жүрсеңіздер қайтеді" дейміз ғой бірдеңе өзгеретіндей. Рас өтірігін қайдам, "автобус аралары 2-3 минут" дейді ғой міз қақпай. Айқайласып, бет жыртысқаннан уақыт қайтып келмейді, тығылысқан жолаушылар түсіп қалмайды. Сондықтан, өзімізді сабырға шақырамыз, бірдеңесі болар деп. Әр аялдамаға тоқтап, 10 минут аясында тұрып алатынына не айтасыз, енді?! Ұрлық қарлықтың да адам арпалысынан көбейіп жатқандығы да бар. Өзі автобусқа сыйғанына риза болып тұрған жолаушы сөмкесіне қарауға, тіпті, мұршасы да болмайтыны айқын. Мендегі туындайтын сұрақ : "неге, араға 2-3 минут салып, жолға аттанған автобустар жарты сағатқа аялдайды екен?!" Біздегі, жауабы жоқ сұрақтар ғой, жаңағы. Әйтеуір, "неліктен?", "неге?", "қалай?" дегенмен ғана шектелеміз.