Неліктен қазіргі жастар "Абай жолын" оқуға қызығушылығын жоғалтуда?
жеке
блог

Неліктен қазіргі жастар "Абай жолын" оқуға қызығушылығын жоғалтуда?

Менің көптеген дос-құрбыларым "Абай жолын" оқымаған және соған қарамастан ешбір қызығушылық танытпайды. Мен олардан кішкене сұхбат алып, себебін анықтағым келді. Нәтижесінде, бірі тілі қиын десе, екіншісі мүлдем қызық емес деп сылтауратты. Жазда мен осы талтаурындарды жою мақсатында, Мұхтар атамыздың жазған "Абай жолы" романының 4 томын сатып алып, оқуға кірістім. 
Шыны керек, бірінші том мені онша қызықтырмады, әрі тілі де қиын, "достарымның айтқандары дұрыс-ау" деп те ойладым. Бір бетті бірнеше рет оқып, әрбір сөйлемнің мағынасын түсінуге тырыстым. Әрине, бұл өте көп уақыт алды. Екінші томның жартысында ғана мен кейіпкерлерге өкпелей бастадым. Ал үшінші томда тіл бойынша қиындықтар сезбедім, әрі Абаймен өмір сүргендей болдым. Мұхтар Әуезовтың суреттеу, адамдар көңіл-күйлерін оқырмандарға жеткізу шеберлігі өте жоғары екендігіне көзім жетті. Ал төртіншісі, ең қайғылы деген ойдамын, себебі көптеген басты кейіпкерлер дүние құрды, сонымен қатар роман-эпопея Абай өлімімен аяқталды. Көзге жас алып, жылаған кездерім де болды.
Маған кітап ұнады және менің барлық үміттерімді үш есе ақтап шықты. Осы "ғасыр кітабы" арқылы менің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігім мен құрметім, әрі қазақ поэзиясына қызығушылығым артты. Менің пікіріме сәйкес, жастардың қызығушылығы білместік, тіл жетімдігі мен жаһандану әсерінен төмен болып келеді. Әр балаға ана тілге мен қазақ тіліндегі туындыларға әуестік пен сүйіспеншілікті жанұяда бесіктен бастап бойға сіңдіру маңызды.