Менің ертегі әлемім.

Менің ертегі әлемім ол- отбасым! Олар менің ертегі әлемімнің қайталанбас кейіпкерлері. Менің ертегі әлемімде он екі кейіпкер бар. Әрқайсысы бөлек бір әлем, ашылмаған құпия, жаухар тас секілді қымбат. Балалық шағымды еске алсам неше түрлі жасған бұзақылықтарым есіме түсіп, езуіме күлкі үйіріледі де тұрады. Ата-анамның айтулары бойынша кішкентайымда өте тентек, бұзық қыз болыппын. Өзімнен үлкен екі ағам болған соң ба, әйтеуір соларға еріп алып таң атқаннан кеш батқанға дейін үйге кірмей ойдайды екенмін. Қыз секілді шашымды тарау, әдемі көйлек киіп, әр түрлі әшекей-бұйымдарға мүлдем қызықпаппын. Балалы үй базар демекші, маманың қазір ғана алып келген тәттілерін жарты сағатта-ақ жоқ қылатынбыз. Бір күні мама тәттілерлді шкафтың жоғарғы жағына, яғни біздің бойымыз жетпейтін жерге алып қойды. Үйде ешкім болмаған сәттерде шкафтың үстіне мініп алып, конфеттерді ұрлап жеп-жеп алатынмын. Сондай күндердің бірінде конфетті аламын деп шкафтың әйнегін сындырып алып, оны екі ағамнан көрген кездерім де болған. Үйде тек папам ғана еркелететін. Мейлі мен кінәлі болсам да үнемі мені қорғаштап, мені жақтап жүретін. Екі ағаммен үйде ит пен мысықтай бір қазанға басымыз сыймағанмен, сыртқа шыққанда бауырмашылдығым ұстап қалатын. Қазір өзімнен кейінгі сіңлілерім мен інілеріме қарап отырып өзімнің жасаған бұзақылықтарым есіме түсіп кетеді. Олар меніің ғажап әлемім. Сол ғажап әлемнің қайталанбас кейіпкерлерін сағындым...



Бөлісу: