Эссе жазуға көмек
жеке
блог

Эссе жазуға көмек

Эссе жазуға үйрету үшін алдымен оқушыға тезис, аргумент, факті терминдерінің не екенін түсіндіріп, зерттеу әдістерінің бірі, аналогия, ассоциация, салыстыруды үйрету керек. Эссенің кіріспе бөлімі 30% негізгі бөлімі 60% қорытынды бөлімі 10% болатынында ескеру керек. Мектепті бітіретін оқушылар 250 сөз эссе жазу керек дейді, демек кіріспесі – 75 сөз, негізгі бөлімі – 150 сөз, қорытынды бөлімі – 25 сөз. 
Осы орайда ТАФТТ-ты үйрету керек. ТАФТТ жеке менің ұсынысым. ТАФТТ – тезис, аргумент, факті, талдау, тұжырым. Менің студенттерім: "Эссені жақсы жазуымыздың себебі – ТАФТТ-тің көмегі" дейді. Сіздерге де сәттілік тілеймін! 

Эссені жазбас бұрын әртүрлі жаттығулар жасату керек. Мысалы, белгілі бір тақырыпқа байланысты мына кестені толтыртуға болады.
1.Тезис
Аргумент
Факті
Сипаттау
Салыстыру
Статиситка
Тұжырым
2. Тезис
Аргумент
Болжам 
3. Бес саусақтың суретін салдырып, белгілі бір затты немесе адамды сипаттайтын бес қасиетін жазуды тапсырыңыз. Шынашаққа ең жеңіл немесе маңызды емес қасиетінен бастатып, басбармаққа келгенде ең маңыздысын жаздырыңызда неге олай жазғанын біріншіден, екіншіден, меніңше деген қыстырма сөздерді пайдалану арқылы дәлелдеуге тапсырма беріңіз.
Жалғасы бар.