КҮЗГІ ХАНДРА
жеке
блог

КҮЗГІ ХАНДРА

Сені ойлаумен Жер Күнді шыр айналып, 
Сені ойлаумен семеді гүлі үміттің.
Көңіліңнің тұнығы лайланып,
Жүрсің бе тіршіліктен түңіліп шын?

Есіңе мені бір сəт аламысың,
Несіне тұманды ойға жетеледің?.. 
Мен болсам жүрегімнің қалауы үшін-
Көпірі жоқ өзеннен өтер едім...

Кетер едім мəңгіге ғайып болып,
Аспан асты сенің де мекенің ғой.
Аяулы сезімімді айып көріп -
Жазаласаң, көкке ұшып кетемін ғой!

Сағынышсыз бір тиын-құны өмірдің,
Жасымнан жеңіл мұңды көтерермін.
Тыңдамаймын айқайын жүрегімнің,
Мен сені ойламаймын, жетер енді!

Әлия ІҢКӘРБЕК