Өмір тәтті көрінер...
жеке
блог

Өмір тәтті көрінер...

Кішкентай кезімде ауылда менің көрші атам болатын. Ол күнде таңертең ертемен қасына итін ертіп алып, біздің қыратты-дөңді ауылдың төбелерін, егістік жақтарды жаяу аралайтын. Ұйқыдан мал қосуға ерте оянатын мен атаммен бірге еріп, бала болғандықтан, не түрлі әңгімелерін тыңдауды қызық көретінмін. Сол бірге жүрген күндер атамның  өмір парақтарының ашылған соңғы беті екендігін мен білгенім жоқ.

Адамның ішкі жан дүниесі өзінің ертеңін болжауға бейім келеді. Ол кісі сонда дүниені қимағандығынан, ерте тұрып, қолында таяғы бар, ауылды қызықтайтын. Ал мен оны жай ермек деп ойлайтынмын.

Біз кез келгеніміз дүниеден бір кереметті іздейміз. Ол кісі өз кереметін табиғаттан, ауылдың көріністерінен, балалық шағынан, жүріп өткен жолынан іздейтін. Соған қарап, сенің ғұмыр кешкен ортаң – сенің өміріңнің үзілмес бөлшегі екенін байқауға болады. Бұл – өмірдің парадоксы.

Түйін: өмірден өтерін әркім өзінше сезінеді, өлер шағында туған жерін әркім әрқалай қабылдайды .Бұл кісі өзінің туған жерінен өткен шақтың картиналарын іздеді. Яғни, туған жер – адам өмірінің тікелей «тағдыр суреттері» көрсетілген өмір сахнасы.