"Телефонның құрсауындағы қу өмір"

"Телефонның құрсауындағы қу өмір"
жеке
блог

 Қазіргі кездегі қоғамдағы басты проблемалардың бірі-ол смартфондағы әлеуметтік желілер.Көп жастарымыз телефонның құрсауында көп уақыттарының құр-босқа,тектен-тек өтіп жатқанын да байқамайды.Қазір көшеде болсын,автобустарда да жастардың төмен қарап,қоршаған ортадағы болып жатқан осынау бес күндік жалған өмірдің түрлі түсті бояуларына қызықпайды.Керісінше,телефон ішіндегі түрлі-түске боялған уақытты өлтіруші құралға қызығады.Әрине интернеттің құдіретіне де қызықпауға болмайды.Қазір интернет болмаса,сіздер менің мақаламды оқымауларыңыз да мүмкін еді.Қазір 

                         "Махаббатсыз дүние бос"емес,

                         "Интернетсіз,вай-фай сыз дүние бос"-деген мақалдар актуалды болып бара жатқан жоқ па?!Әрине,мен интернетке отырмаңыз деп құр далбаса әңгіме айтып,ақылшыларыңыз да болғым келмейді.Тек қазір қоғамдағы жас жеткіншектердің осы телефонның кесірінен,интернет ағымдарының кесірінен алданып,не болмаса келенсіз жағдайдайларға түсуінің азайғанын қалаймын.

   3-4 жастағы балалар түрлі-түрлі адам санасын улайтын ойындарға қызығып ойнайды.Ол енді өсіп,ой-санасы дамып келе жатқан бүлдіршіндердің психологиясына кері әсерін тигізбей ме?

Телефон әрине қазіргі заманда керек.Дегенмен,оны тек байланыс құралы ретінде пайдалану ғана керек секілді.Күніне 1 сағаттың өзі жеткілікті.

Көп балалар демалыс күндері 5 сағаттай күнімен телефон алдында отырады.

Ал сіз білесіз бе?

1)Швеция ұялы телефонға аллергияның болатынын мойындаған мемлекет.

2)Ұялы телефон қосылып түрғанда сәулелендірудің деңгейі есту,көру,мидың кейбір бөліктеріне кері әсерін тигізеді.

3)көп ғалымдар сәуленің әсері ұрпақтан-ұрпаққа берілетінін де ескерткен екен.

4)Телефонға көп отырған адам бүйрегінде тас байлануына,жүрек қан тамырлары ауруына әкеліп соғады.

5)Адам ұялы телефонға тәуелді де болып кетеді.

6)Адам бүкірейіп,дене сымбатын бұзады.

Телефонның артықшылығы ол кішкентай,алып жүруге ыңғайлы.Адаммен байланыс құралы.

Дегенмен,мойындаңыздар телефонның артықшылығынан,зияны көп қой.