"Атадан мұра" қоры жайлы
жеке
блог

"Атадан мұра" қоры жайлы

– Қайырлы күн! Бүлдіршендер фестиваль-байқауларының ең ірі әрі танымал ұйымдастырушысы " Атадан мұра" қоры екені белгілі. Басқа ұйымдастырушылардан немен ерекшеленесіздер?
–Қайырлы күн, Айжан ханым! Редакцияларыңызға шақырып, сұхбат үшін рақмет. Жалпы, «Атадан — мұра» қорының мақсаты—балалар өнерінің өрістеуі мен насихатталуына мұрындық болу. Концерттер мен мәдени басқосулар, пікірталастар мен шеберлік сағаттары арқылы өнерлі өрендерді шыңдап, ұстаздарға тағылымды тәрбиеге жетелеу. Және, Қазақстанның түкпір- түкпірінен өссем деген ұрпақтың жолына мүмкіндік жасап, үлкен сахналарда, шет елдердің сахналарында өнер көрсетуіне, балалардың санасында қалатындай салиқалы байқауларды ұйымдастыруды негізге алдық. 
–Не себептен "Атадан мұра" деп аталады?
–"Атадан Мұра" деп аталуымыздың себебі, ата-бабаларымыздан келе жатқан баршамыздың бойымызда сан қилы өнер бар. Сол өнерді балапандарымыздың бойынан тауып, байқаулар арқылы шыңдап, насихаттау. Айта кететін, бір жайт қорымыздың байқаулары тек қана өз елімізде ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шет ел мемлекеттерінде өткізіліп тұрады. Осы орайда шетелдік қауымдастықтың, өнер сүйер қауымның қазақтың атадан қалған мұрасына, дәстүрлі өнеріне аса қызығушылығын атап өткен жөн.
–Қорды дүниеге әкелу кімнің идеясы болды?
–Қордың құру идеясы- анам Мақпал Аманжолқызының идеясы болатын. Өнерді ерекше құрметтейтін жан болған. Қазақтың шалғай ауылдарынан талантты балаларды тауып, оларға демеушілерді іздеп, үлкен сахналарға, шет елдердің үлкен сахналарына шығарып, өнерлі балаларды көпшілікке таныту арқылы қанаттанатын. Ендігі менің мақсатым - анамның бастаған жұмысын, қалдырған мұрасын ары қарай жалғастыру.
–Қазіргі таңда қандай жобалар ірі жобаларды қолға алып жатсыздар?
–Қыркүйек айында Алматы қаламыздың 1000 жылдық мерекесінің орайында, Медеу әкімшілігінің қолдауымен, Республикалық деңгейде "Kazakhstan Art Festival" байқауын ұйымдастырдық, Қазақстанның барлық аймағынан талантты балаларды Өнер ордамыз- Алматы шаһарында жинадық. Болашақтағы жоспарымызда, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Астана қаласында "Махамбет мұрагерлері" атты Республикалық ақындар байқауын, Екінші Республикалық "Ұлтын сүйген ұланбыз", "Тәуелсіздік тұғырым" байқауларын, Республикалық "Ақжелең" дәстүрлі әндер мен күйлер байқауын, қазан айының 31 мен қараша айының 3 аралығында Грузия мемлекетінде, Тбилиси қаласында Халықаралық "ART Bayterek Ceorgia", Греция мемлектінде "ART Bayterek" байқауларын өткізу жоспарланып тұр. Қазіргі таңда өнерлі балалардың, жетекшілердің, ата- аналардың біздің байқауларымызға қызығушылығы өте жоғары. Әр байқауымызда, бұрыннан келе жатқан өнерпаздарымызбен қатар, жаңа жас таланттардың қосылып жатқанын байқаймыз.
–Сіздер ұйымдастыратын Н.Тілендиев атындағы "Атадан мұра" және Р.Бағланова атындағы "Ақ сұңқарым" байқауларының мақсаты қандай? (қатысу шарттары т.с.с)
–Сіздер ұйымдастыратын Н.Тілендиев атындағы "Атадан мұра" және Р.Бағланова атындағы "Ақ сұңқарым" байқауларының мақсаты қандай? Ең алдымен, бұл байқауларымызды ұйымдастыруымздың басты мақсаты- жастарға қазақ өнерін насихаттау, оның ішінде қазақ майталмандарының, өнер тарландарының өнерін паш ету. Қазір, өзіңіз білесіз, жаһандану заманында, жастардың көңілі көбінесе шет елдің әуендері мен әндеріне қызығушылығы артып отырады. Осы орайда, қазақ композиторлары мен майталмандырының өнері ұмытылмас үшін осындай байқаулар ұйымдастырып отырамыз. Және,бұл байқауларда балалар тек өнерлерімен сайысып қана қоймай, осы өнер майталмандардың отбасыларының мүшелерімен кездесулер, әдемі кештер өткізіледі. Мысалы, былтырғы, алдыңғы жылдары өткен Н. Тілендиев атындағы байқауда Дариға Тілендікеліні апайымыз келіп, өзінің ойларымен бөлісіп, естеліктерін айтып жастарды бір серпінтіп кеткен еді. Роза Бағланова апайдың келіні Марал ханымда өз естеліктерімен бөлісіп, соңында үздік өнер көрсеткен жастарға бойтұмар болсын деп Роза апайымыздың естелік сувенирлерін, өзінің сыйларын беріп кетті. Бұл да жастар үшін өте мықты және жаңа серпін береді, ары қарай өнерді жалғастыруға, осы салада жүруге. Бұл жастар үшін өте маңызды. Бұндай байқауларды ары қарай ұйымдастыра береміз.