"Алматы - жастар қаласы". Маусымашар- 2017

"Алматы - жастар  қаласы". Маусымашар- 2017
жеке
блог

Күлкі деген қару емес, күлкі деген дәрумен!

Қарашаның 4-і күні, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы, ҚазҰУ студенттерін тағы бір қуанышқа бөледі. Бұл жолғысы - КВН. Маусымашар тақырыбы: "Алматы - жастар қаласы". Оңтүстік Астанада, студенттер сарайында, естен кетпес әзіл кеші өтті. ҚазҰУ-дағы 14 факультеттен 16 команда қатысып, үздіктері жартылай финалға жолдама алды. Мұнан бөлек, маусымашарда "ең үздік ойыншы", "ең үздік әзіл", "ең үздік жанкүйерді" анықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Командалардың дайындығы, жанкүйер қолдауы ерекше болды.

КВН ойындарының әділ қазылар алқасында,ҚазҰУ қалашығының директоры Сейітжанов Әбдіқһапар Әнуарұлы,  «Жас Отан» ЖҚ филиалының төрайымы Айдана Сыдықова, әнші Сиви Махмуди, актер Артур Төлепов,"Сенсация" КВН командасының ойыншысы, актер Ақайдаров Дәулетхан, жас актер, КВН ойыншысы Жақсыгенов Нұрсұлтан,  «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы Шұғыла Мейрамбекқызы төрелік етті. Кеш қонақтары қатарында, Жанқош Тұраров, Марғұлан Тұрсынов, Абдусамат Арипов сынды белді тұлғалар болды.

Жартылай финалға жолдама алған командалар саны -9. Олар: "Айналайын" (журналистика факультеті), "Мех - мат құрамасы" (механика-математика факультеті), "Юрstyle" (заң факультеті), "Физтех құрамасы" (физика-техикалық факультеті), 8 нота (философия және саясаттану факультеті), "Класстастар" (шығыстану факультеті), "Филология құрамасы" (филология және әлем тілдері факультеті), Әлем.kz  (философия және саясаттану факультеті), Био-С (биология және биотехнология факультеті ). Әр құраманың өз артықшылықтары бар. Бірі сахнаны сөйлете алса, ендігісі жанкүйерлермен керемет жұмыс жасай білді. Көрермен демекші, "ең үздік жанкүйер" аталымы - механика-математика факультетінің жанкүйерлеріне бұйырды. "Ең үздік әзіл" номинациясына - "филфак құрамасы", "ең үздік ойыншы" атағына "Юрstyle" командасының мүшесі, Балтабай Райхан ие болды.

"Сұңқар кубогы-2017" КВН ойындарының демеушілері: "Dostyk travel" туристік компаниясы, "Bugin Group", "Qeeboos" компаниясы, "Step by step" ағылшын тілін үйрету орталығы, "АЕН" продюсерлік орталығы.   

Мұнымен КВН ойындары әлі біткен жоқ. Алда тартысқа толы жартылай финал. Кім әрі қарай финалға өтеді? Қай құрама демеушілердің бас айналдырарлық сыйлығына ие болады?Аталған  сұрақтардың жауабын алғыңыз келсе, ақпан айында өтетін жартылай финалға келіңіз! Студенттер сарайында күтеміз! Кіру тегін.