Жұмыртқаны жемес бұрын сарыуызына мән беріңіз!

Жұмыртқаны жемес бұрын сарыуызына мән беріңіз!
жеке
блог

Пайдалы жұмыртқаның сарыуызының түсі қандай болу керек екенін білесіз  бе? Күнделікті өмірде асқа қолданылатын жұмыртқа сарыуызы сіздің денсаулығыңыз үшін маңызды ақпарат бере алады.

Сарыуыздың құрамына тоқталатын болсақ, ол - селен, темір, фосфор, бета каротин тәрізді сирек кездесетін минералдардың қайнар көзі. Оған қоса, адам ағзасында өздігімен түзіле алмайтын қанықпаған май қышқылдары да (омега-3) молынан табылады. Жұмыртқаның 80%-ға жуық пайдалы заттары сарыуызда орналасады. Осыдан 1 ғасыр бұрын сарыуыздың түсі құрамындағы картиноид атты заттарға байланысты екені анықталған. Олар табиғатынан антиоксидант болып табылатындықтан сізді қартаюдан сақтап қана қоймай, оған қоса адам ағзасында витамин А мен сүйектердің беріктігін арттыратын қосымша микроэлементтер түзуге қатысады. Сондықтан да, сарыуыздың түсі қанық бола түскен сайын, оның құрамындағы пайдалы заттар соғұрлым көбірек болады. Қарапайым сарыуыздың ағзамыз үшін атқаратын қызметтері мен беретін құндылықтары ғажайып емес пе?!

а

Ал, сарыуыздың түсі тауықтың қорегіне тікелей байланысты. Егер де күнделікті қорегі тек қана дәнді-дақылдардан тұрса, онда сарыуыз ақшыл сарғыш түсті болады. Егер қоректену диетасы дәнді-дақылдардан бөлек өсімдіктер мен қоңыздарды қамтыған болса, онда қанық сары түсті сарыуыз түзіледі. Фермерлер мен ірі фабрикалар өнімнің сапасын анықтау үшін арнайы 15 реңктен тұратын өлшеу шкаласын қолданады. 

а

Сонымен, тағамға қою сары реңкті сарыуызы бар жұмыртқаларды қолданған дұрысырақ, өйткені олардың құрамында адам ағзасына пайдалы заттардың мөлшері бірнеше есеге көбірек болып табылады. Алайда, сарыуыздың ақшыл түсті болуының себебі жыл мезгіліне де байланысты. Өйткені, қысқы уақытта тауықтардың коректену рациондарының өзгеруіне қарай, сарыуыз түсі де өзгеріске ұшырауы табиғи құбылыс.  Бірақ та, ақшыл сары түстің төмен сапа көрсеткіші екенін есте сақтаңыз. 

а

Сатып алар алдында жұмыртқа қорабының сыртына көз жүгіртіп құрамында синтетикалық бояғыштардың жоқ екенін тексере салуды ұмытпағаныңыз жөн. Жұмыртқаны тек арнайы тексерістен өткен өндірушілерден алу арқылы, денсаулығыңызға да, қалтаңызға да артық шығын келтіруден сақтайсыз.