Генийден кеңестер

Генийден кеңестер
жеке
блог

Өткен ғасырдың ең атақты өнертапқышы Николя Тесла туралы естулеріңіз бар болар. Шынында да 8 тілде еркін сөйлеген, технологияның дамуында ең шешуші рөлдерді атқарған, физик, инженер Тесланы адамзат тарихындағы ең ақылды адамдардың қатарына жатқызулары да тегін емес. Бүгін біз сіздермен аталмыш генийдің өмірімен жақынырақ танысып, оның өмір сүрудегі өзіндік қағида ережелеріне назар аударатын боламыз.

Ең алдымен Тесла жастық шақты дұрыс, салауатты өткізудің маңыздылығын атап өтеді.

«Біздің қартайған шақтағы санамыз бен денсаулығымыз, ол жас кезіміздегі іс әрекетеріміздің айнасы»

Тесла өз мақсаттарына жету, әрі қартайған шағына дейін жұмыс істей алу үшін, нәпсісіне, яғни ішкі қалауларына шектеу қоя білген. Сондықтан да Тесла ерте жасынан жоспарлы өмір сүріп, уақыт ысырабына еш орын қалдырмаған.

«Маған демалыс керек емес. Егер адамдар өз темпераментіне сай жұмыс таба білсе, олар әлдеқайда, бақыттырақ өмір сүрер еді»

Негізінде біздің жұмыс істеу қабілітімізді төмендететін көптеген факторлар бар. Соның бірі дұрыс тамақтанбау. Тесла дұрас тамақтануға қатысты былай деп пікірін білдіреді:

«Біріншіден біз тамақты көп жейміз. Бұған қоса дұрыс емес өнімдермен қоректеніп, дұрыс емес сұйықтықтарды ішеміз.»

«Сондағы дұрыс өнім деп отырғаны не?» деген ойда отырған боларсыз. Тесла жиі сүт және су ішкен.  Өз сөзімен айтар болсақ:

«Не үшін біз өзімізге қызмет ететін денемізге ауыртпалқы түсіреміз? Мен күніне екі рет тамақтанамын, және қышқыл шығаратын өнімдерден бас тартамын. Адамдар ноқат пен бұршақ сынды құрамында қышқыл және басқа да зиянды заттар бар өнімдерді көп тұтынады. Мен балық және ет өнімдерінен өте сирек дәм татамын. Балық миға пайдалы болғанымен, өте күшті қышқыл реакциясын жүргізеді және көп мөлшерде фосфор қамтиды. Қышқыл қайтайған шақта ең үлкен жауымызға айналады»

Бұған қоса Тесла картоп көп жеуге кеңес береді.

«Картоп деген керемет. Картоп күніне ең аз дегенде бір рет желінуі керек. Оның құрамында маңызды минералдар бар»

Тағы бір атап өтер мәселе, Тесла күделікті жаттығуға баса назар аударған.

«Мен көп жаттығу жасау керек деп санаймын. Күніне 8-10 миль жаяу жол жүремін»

Тесланың ұйқыға деген көзқарасы да ерекше. Көптеген адамдар оған күнделікті 8 сағат ұйқының маңыздылығын айтса да, ол өз дегенінен қайтпаған.

«Ұйқы? Мен өте аз ұйықтаймын әрі бұған еш уайымдамаймын.Кей кездері бір сағаттай мызғып аламын. Тіпті кейде бір айда бар жоғы 5-6 сағат қана ұйықтаймын. Ұйқыдан тұрған соң өзімді сергек сезініп, күш қуатым толысып тұрады»

Байқап отырғандарыңыздай генийдің өмір сүру қағидалары қарапайым адамдікінен ерекше. Тағы да бір рет атылған кеңестерді бір саралап өтсек:

-          Жастық шақты дұрыс қолдану

-          Дұрыс тамақтану

-          Көп жаттығу жасау

-          Аз ұйықтау

Айтылған кеңестерді бұрын естігеніміз анық. Бірақ қолданысқа енгізгеніміз санарлық. Тесладай ұлы өнертапқыштың тәжірибесінен өткен бұл кеңестер сіздерге көптеген пайда келтірері күмәнсіз.