Қайрат Нұртастың жеке отбасы туралы фильм қашан жарыққа шықпақ?
жеке
блог

Қайрат Нұртастың жеке отбасы туралы фильм қашан жарыққа шықпақ?

Соңғы кездері жүрегіндегі мұңын әнмен емес, киномен жеткізуді әдетке айналдыра бастаған Қайрат мырза тағы да кино түсірмек. Дегенмен, бұл жолғы еңбектері өзгеше болмақ дегенді меңзейді. Танымал әншінің осы күнге дейін түсірілген «Өкініш» атты туындысының жарық көргенін білеміз. Аталмыш кино түсірілімінің барысында кейбір үзінділер әншінің өмірінен тікелей алынған деген болатын. Сондағы айтпағы, тыңдармандарының көп екендігі туралы ма, әлде бойжеткендердің «Қайрат» десе, жаны қалмай, алып ұшатындығы туралы айтпақ болды ма?! Дұрысы, досының әнші үшін өмірінен бір сәт алысьағаны шындыққа жанасатын шығар. Бірақ, дәлірек қайсы эпизод шынайы өмірден екенін білмей дал болғанбыз. Бұл жолы да сондай келеңсіздіктің құрбаны болмасақ болағаны.

    "Қайраттың құпиясы" деген жеке өзімнің фильміме дайындық үстіндеміз. Бұл жерде мен өзімнің құпиямды халыққа ашуды жөн көріп отырмын. Бар болғаны осы. Менде актер болып кетемін деген ой жоқ. Мен әрдайым әнші болып қала беремін", – дейді Қайрат Нұртас. Әзірге қандай құпия екенін анығырақ айтпады: "Фильмнің не туралы болатынын әзірге айта алмаймын. Өйткені, көрерменге қызық болмай қалуы мүмкін. Әзірге құпия болып қала берсін. Қазан айында, Алла қаласа, фильмнің түсірілім жұмыстарына кірісеміз", – дейді әнші. Бұл ойы дұрыс шығар. Жұмбақ жасырған, шешімін тапқанға қарағанда әлдеқайда қызығырақ екенің білетін сыңайлы Қайрат мырза. Дегенмен, біз, елді қызықтырып әкеткен құпияның жай-жапсарын білген сияқтымыз. Жан-жары, кішкентай бөбектерінің бар екекнің айтатын сықылды. Сөзімізге дәлел де жоқ емес. Әншінің досының жарын сомдаған Сиви Махмұди Қайрат Нұртастың бұл фильміне әйелі мен оның төрт баласының түсетінін айтып қалған-ды. Десе де, Қайрат Нұртас бұл ақпаратты растаудан бас тартты. Бірақ, келіншегініңіздің бар екені өтірік емес ғой, Қайрат мырза?! Жақында ғана, әлеуметтік желіде, Жазира Байырбекова xаным, әншінің жұбайының суретін салып, кімнің қалыңдығы деп жасырғаны бізде таңсық емес. Тапқан жанға сыйлығы да жоқ емес-ті. Жалпы, бұл жайлы сөз қозғасақ, айғақтардығ көптігінен көз ашпаймыз. Сонда, танымал әншінің ашпақ құпиясы  жан-жарв болмаса, тағы қандай қызықтың куәгері болады екенбіз? “Ішің білсін әлу-ай” деген теңеуге сай келіп тұрмыз, шамасы. Әліктің артын бағайық!