Хоббиіңіз барма?
жеке
блог

Хоббиіңіз барма?

          Сіз белгілі бір ережемен өмір сүресізбе, әлде еркін адамсыз ба? Жалпы сіздің хоббиіңіз барма? Меніңше Массагеттің тұрақты оқырмандарының әрбірінде хобби бар.Сееббі, блогты оқу, пікір қалдыру, блог жазудың өзі хобби болып табылады. 

Мен сіздерге өзім айналысатын, өзіме ұнайтың хоббиді тізбектеп берейін.

1,

1.Кітап оқу. Бұл сізге үнемі қайталанатын,іш пыстыратын хобби болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, бос уақытта кітап оқудың пайдасы орасан зор екенін еске түсіріңіз.Ағылшын ,орыс тілдеріндегі кітаптарды оқи отырып зерікпейсіз, әрі тіліңізді жаттықтырасыз.

2,

2.Сурет салыңыз.Сурет салуға еш икеміңіз болмасада тырысып көріңіз. Бәлкім сіздің талантыңыз жасырынып жатқан болар.

3.

3.Ізденімпаз болыңыз. Сізде бүкіл әлемге пайда әкелетін жаңалық ашуға қауқарлысыз.

4.

4.Айналаңыздағы құбылыстарды суретке түсіріңіз.Сізде сапалы фотоапарат болмасада, суретіңіз сәтсіз шықсада қамықпаңыз.

 5.

5.Блог жазыңыз. Сіздің блогты ешкім оқымасада, пікір жазылмасада жүргізіңіз.Сол арқылы ақпаратқа қанығып бүкіл әлемді билейсіз.

6

6.Саяхатқа шығыңыз.Жаңа танысыңызды жақсы тануға көмектесетін ең тиімді жол.

7

7.Спортпен шұғылданыңыз. Әсіресе, топтық ойында өміріңізге оң әсер етеді.

8

8.Өзіңіз ойлап тапқан  рецепт бойынша тағам дайындаңыз.Бәлкім бір күні аспаздықтың шыңына жетерсіз.

8

9. Жаныңызға жақын болған киноны қараңыз.Басты кейіпкердің орнына өзіңізді қойып, жаңа оқиға желісін өрбітіңіз.

10

10.Музыка тыңдаңыз. Жаныңа қуат берер жаңа әуендермен қатар, қызықты кештерді еске түсіретін ескі әуендерді де тыңдадыңыз.

11

11.Үй жинаңыз. Бос уақытыңызды тиімді пайдалана отырып, бір істі тындырасыз.

12

12.Өміріңізді түрлі-түске толтырыңыз.

   Қандай нәрсе болсада ынта-жігеріңізді жиып, ниетіңізді түзулеп  жасаңыз. Шимай-шатпақ жазу жазып менде бос уақытымды тиімді пайдалана білдім деп ойлаймын. Пікір қалдырудың өзі хобби екенін ұмытпаңыз.