Жұлдызнамаға сенеміз бе әлде жоқ па?

Жұлдызнамаға сенеміз бе әлде жоқ па?
жеке
блог

Сіз жұлдызнамаға сенесіз бе?
Жұлдызнама дегеніміз астрология саласындағы планеталар мен жұлдыздардың белгілі бір уақыт сәтінде орналасу кестесі. Нақтырақ айтсақ, осы планеталардың орналасуына байланысты адамзаттың тағдырын, болашағын мәлімдеп беретін ақпарат. Ең алғашқы жұлдызнамалар біздің заманымызға дейін 5 ғасырда пайда болғанымен, қазіргі күнге дейін оларға деген сұраныс артпаса, кеміген жоқ. Статистика бойынша әрбір жетінші адам жұлдызнамаға сеніп, оның ақпаратына сүйенеді.

Жұлдызнаманың өзіне тоқталмас бұрын, Астрология мен Астрономияның анықтамаларына тоқтала кетейік. Астрономияға  - тұжырымдалған және де практикада қолданылатын ғылым саласы. Ал астрология, мындаған жыл бұрын құрылса да, қазіргі күнге дейін оның ғылым саласына жататындығы немесе жатпайтындығы даулы мәселе болып келеді. Яғни, бізден мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан жұлдыздардың қозғылысы адам тағдырына қалай әсер ететіндігінің ешқандай ғылыми дәлелдері жоқ. Жұлдызнамаға сенген күннің өзінде, жұлдыздардын үнемі козғалатынын ескеретін болсақ, сәйкесінше белгілі бір уақыт аралығында әр жұлдызнама белгілерінің кунтізбедегі орны өзгеріп тұру керек. Ал астрологтар жұлдыз жорамал жасауға біздің заманымызға дейін 5 ғасырда жасалған кунтізбені әлі кунге дейін қолданып келе жатыр.

Жұлдызнамаға сену не сенбеу адамның психологиясына байланысты. Астрологтар жұлдыз жорамал жасау барысында, адамдардың көпшілігіне сәйкес келетін, жалпы мәліметтерді қолдануға тырысады. Ал оқырмандар болса, бұл ақпараттарды нақты өзіне сәйкес келетіндей қарастырып, жасалған болжамға сеніп жүреді. Яғни, психология тілінде айтатын болсақ, оқырман өз-өзін иландырады.

Дегенімен, жұлдызнаманың күнделікті болжамына сену кішкене күмән туғызса, оның сенуге болатын да бір жағы бар. Мысалы, әр зодиак белгілеріне арнайы жазылған адамдардың мінез-қылықтарының сипаттамасы. Шынында да, бір-бірімен байланысы жоқ, таныс емес, бірақ бір зодиактың адамдары көбінесе мінезі жағынан ұқсас болып жатады. Дәлме дәл бірдей болмаса да, ортақ бір сипатқа ие болуының ықтималдығы жоғары.

Қорытындылай келе, не дәлелі жоқ, не болатын іске кепілдігі жоқ ақпаратқа сену ырымшыл адамдарға ғана тән деп айтуға болады. “Ғылым мен технология” ғасыры аталған XXI ғасырда жұлдызнамаға сену – ертегіге сенумен бірдей. Алайда еш нәрсе себепсіз пайда болмайтынын да ескеру қажет. Бәлкім жұлдызнаманың да осы өмірде болуына бір себеп бар шығар. Оның осы уақытқа дейін сақталып келуі де, астрологияның осы дүниедегі белгілі бір орны бар деген сөз деп ойлаймын. Ал сіздің, жұлдыз жорамалға деген көз қарасыңыз қандай?