Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
жеке
блог

Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Ақтау қаласында орналасқан «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы» мекемесінде 18 жасқа дейінгі жастар тәрбиеленіп жатыр. Аталған жастарға жылы көзқарас, қамқорлық, үнемі қолдау қажет болып отырады.

Осы бағытта Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған «Жас қанат» жастар ұйымымен «Жас Отан» жастар қанаты аталған мекемедегі ата – ана қамқорынсыз тұратын жастарға пейнтбол ойынын ұйымдастырды. Ойынға «Жас қанат» жастар ұйымынан, балалар ауылының жастарынан, «Жас Отан» жастар қанатынан командалар құрылды. 3 сағаттық ойын барысында жастар көңіл көтеріп, керемет әсер алды.

Шараның негізгі мақсаты: балалар ауылының жастарын қоғам қатарына тартып, достық қарым қатынас құру арқылы оларға жоғары көңіл күй сыйлау, қайырымдылық жасау.

Ата – ана қамқорынсыз өскен балаларға әрқашан қайырымды жұмыстар жасала беретін болады.