Қайта самғаған қыран!

Қайта самғаған қыран!
жеке
блог

Қазақ халқына тән бірден –бір ерекше өнер – айтыс өнері. Ата-бабамыздан қалған асыл мұра, халық ауыз әдебиетінің көркем өрнегі.  Айтыс  тапқырлықты, шешендікті, терең ойды және суырыпсалмалықты қажет ететін бірігей өнер түрі. Қазақ қоғамында айтыскер ақынның алатын орыны әрқашанда ерекше болған. Себебі олар халықтың мұңын айта білген, халықтың жырға,өлеңге деген зәрулігін қандырып келген дара тұлғалар. Әр заманда ақынның қара домбырасы мен көмейінен төгілген жыр өзекті мәселелерді көтеріп , терең ойды ақтарып келген. Оған дәлел Абылай кезінде Бухар жырау жырымен халқы мен ханын шабыттандырып елді аузына қаратқан тарихи тұлға.Ол аз десеніз, аттары алты алашқа әйгілі Сүйінбай,Біржан мен Жамбылдардың өлендері кең далаға кеңінен таралып, бізге жетті.

Айтыс

Алайда, айтыс қазақпен бірге мың өліп, мың тіріліп, қиын қыстау кезеңдерінен өтті. Совет үкіметі кезінде орысшаландыру политика салдарынан біраз қыспаққа алынса, кейіннен өлеңін жазып келіп айтатын ақындар пайда болып, айтыс суырып-салма ерекшелігін жоғалтып алғандай көрінді. Қуанышымызға орай, ондай жайт қазіргі таңғы айтыста сирек кездесуде. Тәуелсіздік алғаннан кейін айтыстың жағдайы енді оңалатындай еді. Бірақ өкінішке орай, төл өнерімізге демеуші болар жан санаулық болғандықтан және биліктің демеуі жетіспегендіктен айтыстың үстіндегі бұлт түнере түсті. Тек Жүрсін Ерман ағамыз шырылдап жүріп, айтысқа демеуші іздеп, ақындарды іріктеп, қолдап, көмегін беріп әйтеуір аман алып қалды. Ұлттық өнерді сақтап қалып, түрлендіріп, ажарландырып алдымызға әкеліп отырған Жүрсін ағамыз болып табылады.

Жүрсін Ерман

Қазіргі таңда айтыс Нұр-Отан партиясынан қолдау тауып, жиі-жиі өткізілуде. Тіпті халықаралық айтыстар да үйымдастырулыда. Бір қуантатын жайт, айтысты ЮНЕСКО ұйымы Қазақстан мен Қырғызстанның ұлттық өнері деп бекітті. Жаңа дарындар табылып, халықты қоңыр өлең мен жырға тойдыруда. Тіпті көрерменді тарту мақсатында шоу айтыстар орын алуда.

Алайда алаңдататын мәселе, айтыс қазір жиі жиі өткізілгенімен теледидар арналарынан сирек байқалуда.Оның орнына атыс, керіс,шабыс, өсек пен төсек жиі көрсетіледі. Олар жас буынның тәрбиесін бұзып, ұлттық сананы еш арттырып жатқан жоқ.Әрине оларды халық қызық боғандықтан тамашалайды. Қызық керек десеңіз, айтыста нағыз қазақи әзіл де бар, өлең де бар, театр да бар,ащы шындық та бар. Келе жатқан ұрпаққа жөнді тәрбие беруінің бір амалы ол жастар арасында айтысты насихаттау. Жас ақын Жандарбек Бұлғақовтың айтыста айтылған бір шұмағы,бұл мәселенің  маңызын толықтай жеткізеді:

 “- Үйдегі көк сандықты қосып қалсаң, бералмайды рухани қорегіңді

-Ту ұстап айтыс шығар экранға, ұрысқақ келіндер мен ене кірді

-Жыр, терме, айтыс емес көк сандықтан, жын ойнақ ән тыңдаймыз бөлек үнді

-Айтыстың жанашыры сіздерсіздер, басқа кімнен табайын керегімді

-Көкейге қонымды ғып жатташы елім, эфирден естілмейтін өлеңімді

-Көңіліңнің сандығында сақташы елім,көгілдір сандыққа сыймаған өнеріңді ”.- деп мәселені қозғай кетті.

Соңында айтарым қазақтың қанына сіңген төл өнеріміздің қадіріне жете білейк ағайын! Ел ортасында жүрген ағаларымызға алтын сырға, қазақтың басына қонған бақтан айырылып қалмайық !