Харам судан қашық бол

Харам судан қашық бол
жеке
блог


   «Арақтан ,  ішімдіктен     сақтаныңдар, өйткені  ол  барлық жамандықтың  кілті».

                                                                                                                      Пайғамбарымыз   Мұхаммед (с.ғ.с.)

Маскүнемдік дегеніміз  не, оның  себептері?

Маскүнемдік – адамның дәрменсіздігі  жанына  тыныштық  бермеуден,  өзін  әлсіз , қажетсіз  сезінуден. Адам  қалай  ләззат алу  керек  екенін  білмейді. Оның үш  жолы  бар.  Біріншісі: адам  сүйіспеншілікпен  қуана еңбек  етіп ,  өзінің  жетілу  жолын білім  арқылы  жетілдіре   түсу. Екінші  жолы – құмар  ойындар, еңбексіз , алдаумен  келген үстіртін  бақыт.  Үшіншісі - біреудің  бақытсыздығына  қуану.  Осылардың  ішінде , бірінші бақыт  - нағыз  бақыт , ең  тұрақтысы.  Екінші  бақыт – тұрақсыз  бақыт. Үшінші түрі тек қана  зардап  әкеледі. Екінші  және үшінші  түрінен  ләззат   алғысы  келетін  адам іше бастайды.

Ішу – өзінің  саныңды ләззатқа  айырбастау. Адам  ақымақтығынан   ішеді,  басқалар  ішкеннен кейін  ол да ішеді. Адам  өзіне  дұрыс  мақсат қоймай , ісі  өнбегеннен  кейін  маскүнемдікке  салына  бастайды. Өзін-өзі  тануға  ұмтылған  адамда күдер    үзу  деген  болмайды. Маскүнемдіктің соңы түрлі  жағдайға  алып  келетіні белгілі. Отбасының шырқы бұзылып, соңы  адам  денсаулығына  зиян келетін  жағдайларға да  барады. Ажырасу мен отбасыдағы  махаббаттың жоғалуына да  маскүнемдіктің  әсері  біршама тиеді.

Маскүнем  деген кім?

Маскүнем дегеніміз - аты  айтып тұрғандай арақ-шарапқа  әуес  болып,  жат әдеттің жолында құрбан болушы. Өмірдің түзу жолында жүріп, бір күндік  қиындыққа  шыдамай сасық судан  ем  іздеуші. Көбінесе арам судың артына  түсетіндер өмірге өкпелеп, ішкі  жан-дүниесі күйіктен өртенген жандар. 

Маскүнемдік  жазыла  ма?

Әрине  жазылады. Бұның  себебі,  Ғазиз  жанның  тұңғиығында  тығылып  жатыр.  Араққа  үйір  адамдардың  жанында  белгілі  бір тәртіп  бағдарламасы  бар. Бұны  «маскүнемдік  бағдарламасы»  дейді.   Ол  тұқыммен  беріледі  немесе  тіршілік  кешу  барысында  рухани соққы  алудың  әсерінен  қалыптасады. Маскүнемдікті  емдеу  үшін  бағдарламаны  тауып,  оны  залалсыздандырып, салауатты  өмір  сүру  тәртібінің  жаңа    бағдарламасын  құру  керек.  Басқаша  айтқанда  ескіше  әдеттен  арылып , жаңа  әдетті  құру  керек.

Қазіргі  медицина  қолданып  жүрген (ампула  тігу, ине  шаншу,  дәрілер, шәй) тек қана  ауруды  жанның  ғазиз тұңғиығына   онан  әрмен  батырып,  уақытша  жеңілдік  әкеледі. Психаны  бұлай  зорлау, мінез – құбылысының өзгеруіне  әкеп  соғады (ашушаңдық, жанжал шығаруға  бейімділік, түсініксіз қылықтар ,  сары  уайымға  салыну ,  еркектік  бел күшінің  жоғалуы, немқұрайлық ,  жараланып  аяқ-қолының  сындыруы т.б.). Дәрі  мен  құлыптау,  шырғалаңдары  біраз  уақытқа  шегергенмен  де, аурудың  нақ  себебін  жоя  алмайды. Нақ  себеп – адамның  Ғазиз жанында. Алдына  мақсат қойып,  өмірді оң қадаммен қайта бастаса, алынбайтын асу да, қамал да болмайды.

Салауатты  өмір салтын ұстанатын, мәдениетті ұрпақ қашанда  жоғары  тұратыны хақ. Харам  су мен түрлі жат қылықтардан  сақ  болып,  имандылығы  жоғары  ұл-қыздарымыз  көп  болсын!

 

Дайындаған: Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ Журналистика  факультетінің  студенті   Күнту АРЫНБЕК