Интернетсіз өмір
жеке
блог

Интернетсіз өмір

Интернет - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар, және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Ал, енді бір сәт елестетіп көріңіз. Мына жалғанда интернет жоқ... Интернетке тәуелді болып қалған көп адамдар кітапханада жүреді, газет оқиды. Адамдар бір-бірімен "WhatsApp" желісі арқылы емес, телефон арқылы бәлки көзбе-көз көп тілдесер еді. Ақпаратты "Google аман болсын" деп таба салмайды, ізденеді. Ғалымдардың айтуы бойынша ізденіп тапқан ақпараттың үлкен бөлігі сақталады. ҚазҰУ секілді жоғарғы оқу орындарында студенттерге баллды интернет желісіне емес, кітапшаларына я қағаз журналға қояр ма еді? Неткен өмір десеңізші...

Алайда, интернеттің пайдалы жақтары да жетерлік. Оны кез келген адам тізіп айтып бере алады.

Мектеп оқып жүргенімде де бұл сұрақ мазалайтын. Интернетсіз өмір қалай болар екен? Күндердің күнінде бір күн мүлдем интернет пайдаланбайтым болып шештім. Әдеттегі күн. Дүйсенбі. Таңертең сабаққа бардым. Мектебімізде әр сейсенбі күні "Тәрбие сағаты" болатын. Ертеңгі күнге "Тәрбие сағатын" апай маған жүктеді. Тақырыбы "ЖИТС"(СПИД) еді. Дүйсенбі күнгі 6 сабақтың 4-еуіне қатысып, соңғы сабақтарда шұғыл шаруам шығып қатыса алмадым. Түстен кейін әдеттегі жаттығуыма бардым. Кешкі сағат 18:00де жаттығуымнан шығып, үйге қайттым.  Үйге келгенімде сағат 20:00 болды. Шәй ішіп, демалып сабаққа кірісетінмін. Демалып болып сабаққа кірістім. Сағат 21:00 ден асып кетті. Кезек "Тәрбие сағатына" келді. Енді не істеймін? ЖИТС туралы ақпарат табу керек, суреттер табу керек. Ойланып, үйдегі газеттерді ақтара бастадым. Ұзақ іздедім, екі сурет пен кішігірім ғана ақпарат таптым. Алайда ол жеткіліксіз еді. Сағат 22:30 болды. Қатыса алмаған соңғы екі сабағым - Дене шынықтыру мен Ағылшыт тілі еді. Ертең ағылшын тілі тағы бар. Үйге не бергенін де білмей дал болдым. Достарымның ұялы телефонына қоңырау шалайын десем, қатты кеш болып кетті әбестік болар дедім. Қап, осындайда "Whatsapp" болса, жазып сұрай алар едім...

Сейсенбі. Сабақ. Тәрбие сағаты. Тақтада суреттер өте көп. Менің қолымда ақпарат жетерлік. Бүгінгі ағылшын тілінде не сұрайтынын білемін. Сейсенбі күнгі барлық сабаққа мұқият дайындықпен келдім. Себебі, кеше "тәжірбием сәтсіз болды, оның үстіне сабағым маңызды" деп ойланып, интернеттің көмегіне жүгіндім. Бір күн шыдау өте қиын. Алайда, интернетсіз өмір мен үшін мүмкін емес.