Балалық шағынан...

Балалық шағынан...
жеке
блог

Балалық шағынан...
Есімде қалған ең керемет күндер сіздің қасыңызда өтті.Қыз бала бола тұра сіздің ізіңізден ердім,мойныңызға асылып еркеледім.Сіздің қасыңызға ешкім бармай бәрі сізден қашсада мен сіздің жаныңызды сағынып тұрушы едім.Достарыңызға менің қызым деп таныстырғанда қатты қуанатынмын.Демалыс болса жол қарап сізді күтетінмін.Мотоциклмен,трактормен келіп алып кететінсіз.Сол кезде менен бақытты жан болмаушы еді.Мініп алып ал Мейірім бір жақсы қазақша өлеңіңді айтып жібер дегеніңізде ой не бір өлеңді(Аппақ гүлдер,таңғы елес,Жан гүлім,ауылым т.б) жоқ дауысыммен айтып беретінмін.Сіз күш беріп "ой күшті айтасыңғо" деген сайын тоқтамай ән айтушы едім.Қысты күндері демалыста мен киізге орап мотоциклмен алып кететінсіз.Қалтаңызда ақшаңыз болса маған беретінсіз,не жегім келсе сізге айтатын едім,ұрыс естігенде сіз жұбататынсыз.Менде сізді кішкентай жамандап қалса бәрімен ұрысып,басқа жерге барып жылап алатынмын.Неге жамандайды менің ағам ең күшті аға ғой деп жылайтын едім.Жұрттар не айтсада сіз менің ең керемет ағам болғансыз,солай болып қала бересіз.Мен қыз болдым ба?Білмеймін бұрынғыдай еркелегім келеді бірақ еркелемейтін болыппын.Дегенмен,
әрқашан жүрегімдесіз ардақтым ағатайым.Тек аман болыңызшы...
Сол бір сіздің жаныңызда алаңсыз жүрген балалық шағымды қатты сағынамын.