Ауылым- алтын бесігім

Ауылым- алтын бесігім
жеке
блог

 Ауыл- алтын бесік, қасиетті мекен. Ауыл- қазақы  тәлім-тәрбиенің ордасы.  Ауыл- ана тіліміздің ұясы.  Осындай төрт әріпте  қандай асыл да қасиетті  құндылықтарымыз жатыр десеңізші, шіркін! Әркімнің  туған жері- Мысыр шәрі. Дана да, дара да, ақын да,  жазушы да,  әнші-күйші , бәрі-бәрі  ауылдың  топырағына аунап, желімен жарыса өскен тұлғалар.  Менің де бойыма асыл қасиеттерді  жиып,  қазақы тәрбие берген,  қарапайымдылық пен адамгершілікті  санама сіңірген туған жерім- Үшаралыма  басымды иіп тұрып,  рақметімді айтамын.  Ана құрсағынан шыр етіп түскен  сәттен,  ауылдың жусан иісін иіскеп,  сарқырама өзен ағысын тыңдап, биік-биік тауларды тамашалап,  тай-құлындармен жарыса ойнап,  таң атысымен әжемнің пісіріп қойған  ыстық сүтін  ішіп алып,  қыздармен қуыршақ ойнап, доп қуған  балдырған балалық шағымды, жусан иісі  аңқыған ауылымды сағындым.

 Жырымды алғаш тыңдаған

ауылымды сағындым.

Қош айтып қол бұлғаған

бауырымды сағындым.

Ақша бұлты жарасқан

аспаныңды сағындым.

Қуыршақ ойнап таласқан

достарымды сағындым.

Еркелеткен жасымнан

ағаларды сағындым.

Мейірім төккен асыл жан-

жан анамды сағындым.

Таң нұрымен даланың

жайнағанын сағындым.

Әнші құстар таң әнін

сайрағанын сағындым.

Жазғы кеште тербеткен

самалыңды сағындым.

Кеше ғана сенде өткен

бала күнді сағындым...

             Ф.Оңғарсынова