Мультфилімдердің бала тәрбиесіне әсері
жеке
блог

Мультфилімдердің бала тәрбиесіне әсері

 Қазіргі телеарналарда көрсетілетін шетелдік мультфилімдер көбінесе атыс шабыс жанрымен жасалған, одан қала берді компьютерлік ойындар тағы бар. Мысалы, қарапайым Спанж Боп мультфилімін көрген болсаңыз, бала тұрмақ өзіңізді де ойландыратын тұстары жетерлік. Сол Спанж Боптың су астында  газға шәй қойып жүрген кезін түсініп көріңіз? Ой-өрісі енді ғана жетіліп келе жатқан бүлдіршіндер не көрсе, сол санасында сақталып қалып, дұрыс ойлауына кедергі келтіруі әбден мүмкін. Сол себепті баланың қиялына сай мультфилмдер көрсетілгені дұрыс деп есептеймін. Мысалы, Алдар Көсе, Ер Төстік, Асан мен Үсен, Қаңбақ шал мультфилімдері аңызға сүйеніп жасалған. Олар баланың ұлттық салт-дәстүрлерді игеруіне жол ашады. Ал, атыс-шабыс жанрымен жасалған мультфилімдерді көрген балалар ашушаң келеді. Сондықтан теледидарға телмірген баланы қадағалап отырған жөн болар. Сіз қалай ойлайсыз?