Би өнерінің мәні неде?

Би өнерінің мәні неде?
жеке
блог

Би сөзсіз, тек бишінің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Бидегі ырғақтықты сезіну қимылдың бір уақытта бірдей қайталануы, үзіліс пен екпін түсіруі әрі алмасуы нәтижесінде жетеді. Бидегі музыкалық,  ырғақтық үзілістер би үзілістерінің эмоциялық-динамикалық қалпына сәйкес келеді. Би билеу орындаушыға мамыражай, жан жадыратар рахат бір күй әкеледі. Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу.  «Адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі деді, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді»