Ақ орамал аруы

Ақ орамал аруы
жеке
блог

«Мен сыйға тартқан орамал» дүкенінің 1 жыл толуына  байланысты аналарымыздың арындай болған ақ орамалды дәріптеп, құндылығын насихаттау  барысында  «Мен сыйға тартқан орамал» клубы, Aqoramal.kz сайты және  белгілі әнші  Роза Әлқожаның ұйымдастыруымен  1 қазан күні «Қазақстан» қонақ  үйінде алғаш рет республикалық  «Ақ орамал аруы» байқауы  өтті.  Байқауға орамалдың қадір-қасиетін түсінетін, қазақтың салт-дәстерлерін қадірлей білетін қыз-келіншектер қатысып, бақ сынады.  Байқауға  қатысқан қыздардың үлкені қырықта, кішісі он сегіз жаста болды.

Қатысушылар орамал арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлгілі қазақ әйелінің образын көрсете білді. Алғашқы кезеңде  сахнада қатысушылар  өздерін  таныстырып, өнерлерін  көрсетіп, орамалды қалай дәріптейтіндерін байқатты. Ал төртінші кезеңде сұрақтарға жауап берді. Аталған байқаудың діни ағымдарға ешқандай қатысы  жоқ.

Айнұр Тұрсынбаева , Ғалия Өзбекбайқызы , Жанар Оразымбет, Құралай Омар, Айнагүл Үмбетова, Құттықыз Шайыққызы , Жарас Сәрсек  сынды тұлғалар қазылық етіп,  «Ақ орамал аруын» анықтады. «Ақ орамал аруы» атанған  Астаналық -   Меруерт Үсенова. Біле білген адамға орамал әйел затына Алланың  берген үлкен сыйы. Ұйымдастырылған байқау арқылы  басқа қыз-келіншектерде үлгі алып, орамалдың қадір - қасиетін түсінетін жандар көп болады деген сенімдеміз....

                                                                                                                               Сымбат Айдархан