1 қазан - xалықаралық қарттар күні

1 қазан - xалықаралық қарттар күні
жеке
блог

Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, жетімсіретпей асырап, осы жарық дүниенің есігін ашып, адам болуына себепші болған жандарын қалай ғана қарттар үйіне тастап кетеді?! Соншама қатігез болармысың?
Бүгін, яғни 1 қазан күні xалықаралық қарттар күні. Бұл мерекеде ҚазҰУ студенттер мен магистранттар кәсіподағы "Сұңқар" көш бастап, Алматы қаласының "Ардагерлер үйіне" келіп, қатынасқан болатын. Өнерлері өрге жүзген талантты студенттер өнер көрсетіп, кәсіподақ тарапынан бөлінген сыйлықтар табыс етілді. 150-дей қарттарымыз бұл шараға қатынасты. Асқар таудай әкелеріміз бен ақ жаулықты аналарымыздың жүзіне қуаныш күлкі үйірілді. Ойын ойнап, би билеп бір марқайып, көңілдері толып калды.
Ардагерлерімізге қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, мейірім тілейміз. Қарттарымызды сыйлайық, қазақ елі!