Газет елді сендіреді?

Газет елді сендіреді?
жеке
блог

Еліміз демократиялық құндылықтарға қол созған сайын газет-журналдар үшін көп мүмкіндіктер ашылатыны анық. Салқынқанды, тиянақты ақпаратты елге тек қана газет пен телеарна ғана жеткізеді. Басқа елде қандай екенін білмеймін, Қазақстанда газеттің сөзі елді сендіреді.

Ал әлеуметтік желідегі блогерлердің жазбасы қашанда күмән-күдік тудыратыны жасырын емес. Өйткені оқырман қауым блогерлердің қандайда бір топтардың мүддесін көздеп, екінші тараптың уәжіне құлақ аспай әлеуметтік желіде жазба қалдыра салатынын жақсы біледі.

Бұған блогердің ешқандай жауапкершілікті мойнына алмайтынын қосыңыз, көп жайт өздігінен түсінікті болып қалады. Бұны жазудағы мақсатым – блогерлерді тұқырту емес, оқырман қауымға газет журналистері мен блогерлердің аражігін ашып көрсету.

Сіз қалай ойлайсыз? Ойыңызбен бөлісе отырсаңыз.