Жұма күнінің қасиеті
жеке
блог

Жұма күнінің қасиеті

Құдіреті күшті Алла тағала қасиетті жұма күні мына әлемді жаратқан. Дәл осы жұмада Адам Ата жаратылып, жәннатқа кіріп, Алланың тыйым салған жемісін жеп, осы күні жәннаттан шығып, жерге қадам басқан. Жұма күні Хауа анамыз жаратылып, осы күні Адам Атамызға, Пайғамбарымыз Хадишаға, Әли Фатимамен, Жүсіп Зылихамен некелесіп және басқа да пайғамбарлардың көптеген жақсылыққа жеткен күндері осы қасиетті жұма. Аюб пайғамбарымыз (ғ.с) ауруынан арылған күн де жұма болатын. Дүниедегі ең соңғы күн де жұмаға сәйкес келеді.

Жұманың сауабы екіге бөлінеді: бір бөлігін адам дүниеде көреді, екінші бөлігін қияметке қалдырады. Қандай да бір пенденің тағдырында ауру мен кесел, ауыртпашылық пен апат сияқты қиыншылықтары болса, қасиетті жұма күні Жаратқан Алладан жаманшылықтан құтылып айығуға дұға-тілек қылса, міндетті түрде жұманың шапағатымен құтылады. Ал кімде-кім жұмаға асыға жетіп, дұға етсе, келесі жұмаға аман жетеді. Жұма күнінің қасиеттілігі – күнінде емес, жиналған жамағаттың, мұсылмандардың бір жерге бірігуі, яғни мұсылманшылдықты танытатын мешіттегі жұма намаз! Бір уақытта бір деммен Алланың сөзін айтып, бір қатарда тұрып, бір ниетті бірге қайталау – ең ұлық ғибадат!