Тіл мәртебесі!

Тіл мәртебесі!
жеке
блог

   Әр халықтың басты байлығы, қазынасы-ана тілі. Тіл мәселесі - ұлт мәселесі.Яғни, мерейін өсіретін де, өшіретін де өзіміз. «Қазақ тілі шұбарланып кетті» деп өзгені кінәләйміз. Неге сол қателікті өзімізден іздемейміз? Арамызға бір «Маша» немесе «Саша» қосылса солардың тілінде сөйлеп кетеміз. Неге біз күнделікті ауызекі сөзімізде орыс тілінің «потом, сразу, вообще» және т.б сөздерін жиі қолданамыз. Мысалы: дүкенге, ірі сауда орындарына, базарға барсақ сатушы қазақ ұлтынан болса да, өзімізге қажет затымызды орыс тілінде сұраймыз? Осындай қарапайым көріністер ана тілімізді шұбарламағанда, мәртебесін төмендетпегенде қайтеді? Мұндай келеңсіздік жалғаса берсе келешекте тіліміздің жойылып кетуіне апарып соғуы мүмкін. Тілді жоғалту - тәуелсіздіктен айырылумен тең.

  “Тіл – біздің тұтастығымыз”, "Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.