Әйелдің темекі тартқаны, ұрпақтың қасірет тапқаны
жеке
блог

Әйелдің темекі тартқаны, ұрпақтың қасірет тапқаны

Қазіргі кез – темекі шегу индустриясының белең алып тұрған кезі. Кез-келген темекі шығарушы компаниялардың негізгі мақсаты – қандай жолмен болмасын тұтынушылар санын көбейту. Осындай мәселелерді қандай жолмен шешуге болады? Қыз-келіншектердің темекіге деген әуестігінің белең алып кетпеуін алдын-алу үшін қандай іс-шаралар жүргізілуде?

Ешбір тарих беттерінде қыз балалардың темекі шеккені туралы мәлімет кездеспеген Қазақстанда, бұл мәселені толық шеше алмасақта, біртіндеп алдын-алып, күресе отырып, ортақ мақсатқа жететінімізге сенімдімін. Ең қарапайым алдын-алу шаралары бұл – жарнамалауға көп қаражат бөлу керек, себебі қазіргі кездегі адамдардың сана-сезімі әуестенгіштікке жақынырақ болып келеді. Күнделікті көгілдір экрандағы жарнамалар, темекі қорабының сырттары, билбордтар, кез-келген адам аяғы басатын жерлерде темекі туралы фактілердің, суреттердің болуы әйелдердің темекі жайлы пікірлерін өзгертуге көмектеседі. Бұл алдын-алу шаралары болса, ал темекіге әуес жандар, оның ішінде қыз-келіншектер үшін жеке шешімдер болуы керек. Себебі, бір күн ішінде тартылған бір қорап темекі, бір жылда 500 рентген сәулесін алғанмен тең.[1] Қыздар – ертеңгі бойжеткендер, болашақ аналар. Ең бірінші жас отбасынан бастау, мектептерде тәрбие жұмысын жүргізу, әртүрлі мекемелерде насихаттау, темекіден арылуға болатын арнайы мекемелер ашып, бағасын қол жетімді қылу. Міне, осындай шараларды қолдана отырып, алға қойған мақсаттарға, әйел адамдарының темекіден мәңгіге бас тартуына жағдай жасау.

«Тәрбие басы тал бесіктен» деп Махмұт Қашқари айтып кеткендей көк түтінге уланып жүрген болашақ аналардың өз басын ала алмай жүргенде бала тәрбиесіне қалай көңіл бөлмек? «Ел болашағы – жастардың қолында» деп, сенім білдіріп, аманат қылып отырған Елбасының сенімі не болмақ? ХХІ ғасыр – индустриализацияның жаңа кезеңге, қарқынды технологиялардың, жаңа жетістіктердің дамыған шарықтау шегіне жеткен кезінде дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатын алға негіз етіп қойған Қазақстанға қыз-келіншектерінің бұндай әуестігінің болуы артқа тартушы негізгі күштердің бірі. Жастардың қолындағы болашақ – аналардың да қолында. Әрине, бұл пікір осы тақырып төңірегіндегі мыңдаған ойлардың тек біреуі ғана. Осы блогты жазғанда, бұл тақырып жөнінде мәліметтер аз болды, әйелдердің темекі шегуі Қазақстанда маңызды мәселе емес деп ойлаған едім. Дегенменде, оқылған көптеген мақалалардан, тыңдалған сұхбаттардан кейін өзіме бір қорытынды жасадым. Ғасырлар бойы өз қадірін жоғалтпаған, талай ақын-жазушы жырлап, суретшілер сұлулығын суреттеп кеткен дарындардың еңбегін еш кетірмей, қыз деген киелі ұғымға сай болуға тырысу үшін темекі сынды жат қылықтан бойымызды аулақ ұстайық. Қыз-келіншектердің темекі сияқты, түбі өлімге апаратын әдеттерінен құтылдыру үшін, отбасындағы тәрбие, өскен ортасы, мектеп, университет – дұрыс мақсаттарды ұстанған, өз ойы мен білімі қалыптасқан дарынды тұлғаны қалыптастыратын өмірлік факторлер. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын негізгі күш – жастарымызды дұрыс жолды таңдауына үлес қосайық.

Темекі туралы қызықты мәліметтер

* 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде;

* Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;

* АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына жетіп қалды (35%). Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз;

* Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен;

* Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда;

* 1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды;

* Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады;

* АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі – темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы;

* Бүкіл-әлемдің Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметтері бойынша, сатылымдағы темекінің 25 пайызы көшірме;

* Әрбір тартылған шылым өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады. Жыл сайын 12 миллион папирос пен темекі тартылады екен. Тұқылдардың (окурки) салмағы – 2 520 000 тонна болады екен;

* Темекі құрамы: аммиак, көміртегі оксиді, концерогенді көмірсутектер(рак), радиоактивті элемент полоний 20, темекі қарамайы, мышьяк, калий. Фильтр осы заттардың 20 пайызын ғана ұстап тұрады;

* Анлияда темекі тартуға кеткен уақыт үшін жалақыдан ақша ұстап қалады екен. Дания қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салған. Сингапурде темекі тартқан адамға 500 доллар штраф, әрі темекі өнімдеріне жарнама жоқ. Финляндияның дәрігерлері бір күн – 17 қараша, темекішілер жұмысқа темекісіз келуін белгілеген. Жапонияның Ваки қаласынның шешімімен, айына 3 күн темекісіз деп жарияланған. Франциядағы антитемекі бағдарламасынан кейін темекі тартушылар саны 2 млн адамға азайған;

* Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең. [2]

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Шымкент №5 емханасы. «Темекі шегудің зияндылығы» – poliklinika5.kz, 2012.

2. Уикипедия. Темекі жайлы – «kk.wikipedia.org», 2013.