Адам өміріндегі музыканың орны
жеке
блог

Адам өміріндегі музыканың орны

  • Музыканың адамға деген әсері зор екені бәрімізге белгілі құбылыс емес пе? Бұл сиқырлы да сырлы дыбыстар адамды қуаныш-шаттыққа бөлеп қоймай, мұң-зарға да сейілткен.

    Ежелгі гректер музыканың емдік қасиеті бар екенін анықтап, медицина саласында қолдана білген. Әуеннің белгілі бір ырғақтары, дыбыстары арқылы адам организміне әсер ете білген. Сол себепті, оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге немесе оларды алдын алуға қолданған. Тіпті қазірге кезде кейбір емханаларда музыкатерапиямен емдеу жолдары қолданылуда.

    Сырлы да сазды музыка әуендерін тыңдау жас балалар үшін қажет-ақ. Оның себебі, музыка, жастардың ой-өрісін жетілдіріп қоймай, олардың рухани дүниелерін байыта алады.

    "Музыка – адамзаттың әмбебап тілі." деп Лонгфелло айтқандай, қазіргі заманда, өздеріңіз байқайтындай, кәдімгі тұрмыста көптеген жастар түгілі ересек адамдар да тұрмыста құлаққап киіп алып, сан түрлі ұлттық қана емес, шетел музыкаларын да тыңдайды. Шынымен де, музыка әуені адамды ерекше рахатқа бөлейтін күш деп айтсақ артық болмас. Өзі, әуенді сүймейтін, тыңдайматын адам жоқ та шығар.

    Айтар ойымды түйіндей келе, құрметті оқырман, сіздерге деген кеңесім, музыка тыңдап өмірлеріңізді бір керемет сезімдерге толтырыңыздар. Себебі музыка деген жан-дүниемізді өзге әлемге жетелеп, бір өзгеше ғажайып сезімдерге бөлейді.